• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 22:06:12
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

14 Қазан, 2019 Аймақтар

Көзсіз ерліктері сөзсіз өнеге

Тілсіз жаудың қай тұстан тап беретінін де тап басып айту мүмкін емес. Мұндай сәтте бұқара бар сенімді құтқарушыларға артып, аталмыш сала мамандарынан көмек күтетіні даусыз. Ал бұл бейбіт күннің батырларының көзсіз ерлігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та халыққа арнаған Жолдауында баса айтқаны белгілі. Бүгінде Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің де халық үшін еткен еңбегі мен ерлігі ұшан-теңіз деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Департамент басшысы Бағдат Даниловтың сөзіне сүйенсек, сала бойынша есепті кезеңде барлық бағыттар бойынша оң динамика сақталыпты. Тек өрт оқиғасы бойынша былтырғы жылға қарағанда 30-35 факті артық орын алған. - Естеріңізде болса жыл басында №9 ықшамауданында газ жарылысы тіркелді. Сондай-ақ №5 ықшамауданындағы көпқабатты үйдің шатыры өртке оранды. Бұл екі оқиғада қауіпсіздік шаралары сақталмағанынан орын алып отыр. Мәселен №5 ықшамауданындағы жағдайда мысалға алсақ, аталмыш үй жаңғырудан өткен кезде құрылысшылар оның шатырындағы бұрынғы қара қағазды сыпырып алып тасмаған. Соның салдарынан өрт тез өршіп, оны сөндіру қиындыққа соқты. Одан бөлек, шомылу маусымының да өзіндік қиындықтары болды. Әсіресе жасөспірімдердің суға бату фактілері жанымызға батты. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің қаулысы бойынша өңірдегі ең қауіпті деген 15 су айдынында сақтық шараларын күшейтсек те, адамдардың қаза табу оқиғаларының алдын ала алмадық. Тіпті жаз мезгілінде бассейндерге дейін білім беру сынды салалардың мамандарын бақылауға жұмылдырсақ та, қайғылы оқиғалар тіркелді. Әрине біз қанша жерден бақылауды күшейтіп, жан салып жұмыс жасап жатсақ та, адам өлімі орын алғаннан кейін сынның астында қалып жатамыз. Ол орынсыз дей алмаймын. Себебі адам өмірін ажалдан арашалау біздің міндетіміз. Бірақ қара халықта біз де ет пен сүйектен жаратылғанымызды, қызметіміздің қаншалықты қиын да, жауапкершілік жүгі ауыр екенін түсінсе екен деймін, - дейді Бағдат Жұмаұлы.

Қалай дегенде де Төтенше жағдайлар департаментінің еңбектері сөзсіз ерен. Ерліктері өз алдына бір төбе. Бұны бүгінде қалың бұқара көзбен көріп, тірліктеріне мың алғыс айтуда. Алғыс арқалағандар алысқа баратындығы тағы айқын.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір