• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
12 Желтоқсан, 15:27:08
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

13 Қазан, 2019 Аймақтар

Жол картасының жемісі қандай?

Елбасы-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев азаттықтың алғашқы жылдарынан бастап егемен еліміздің ертеңі саналатын жастар мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Тіпті, экономикалық қиындықтарға қарамастан «Болашақ» бағдарламасының қабылдануына ықпал етіп, өскелең ұрпақты әлемнің маңдайалды оқу орындарында білім алуына жол ашты. Кейіннен мемлекеттік жастар саясаты туралы заң қабылданып, жер-жерде арнайы орталықтар іске кірісті. Білім гранттарының саны да артып, жастардың жұмыспен қамтылуына да көптеп көңіл бөліне бастады. Мұның бәрі де Ұлт көшбасшысының шынайы қамқорлығы екендігі даусыз. Ал, биылғы жылдың Елбасының бастамасымен Жастар жылы болып жариялануы бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыра түсті.

Бүгінде Жамбыл облысында да жастар саясаты төңірегінде тындырымды тірліктер тіктелуде. Аймақта 2019-2020 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі Жол картасы әзірленіп, бекітілді. Аталған құжатқа сәйкес жоспарлы жұмыстар атқарылуда.

Айта кету керек, Жол картасы 6 бөлім, 65 тармақтан тұрады. Атап айтқанда, жастарды біліммен қамту бойынша 10 тармақ, жастарды жұмыспен қамту тұрғысында 7 тармақ, жастардың инновациялық және кәсіпкерлік белсенділігін арттыру негізінде 11 тармақ, денсаулық сақтау саласында 4 тармақ, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша 32 тармақ, жастарды, жас отбасыларды тұрғын үймен қамту жайында 1 тармақ қамтылған.

Бүгінгі күнге оның 15-і орындалып, бақылаудан алынды. Ал 43 тармақ орындалу үстінде. Сонымен қатар жетеуі жыл соңына дейін орындалады.

Жалпы, өңірде 239 мыңнан астам жас бар, бұл облыс халқының 21,2 пайызын құрайды. Оның ішінде NEET санатындағы жастардың үлесі 2019 жылы 7,7 пайызды немесе 18 414 жасты құрады.

Ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2019 жылы 2,4 пайыз деңгейінде қалыптасып отыр. Республика бойынша көрсеткіштің 3,7 пайыз екенін ескерсек, едәуір ілгерілеу бар.

Сонымен қатар жұмыссыздықтың алдын алу және жастарға мамандықты дұрыс таңдауға көмек көрсету мақсатында әзірленген «Түлектер тақтасы» жобасы облыстағы 341 мектепте, 24 кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінде орнатылған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір