• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:45:10
Алматы
+35°

Жастарға лайықты тәлім-тәрбие беру бағытында әлеуметтік нысандардың мүмкіндігін тиімді пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі таңда Жамбыл облысында бұл бағытта баянды бастамалар көтерілуде. «Жамбыл облысы бойынша елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамту және олардың халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру картасына» сәйкес, 2020-2023 жылдары елді мекендерде құрылысы жоспарланған мәдениет нысандарында «Жастар дебаттық клубтар» бөлмелерін ашу қарастырылған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылы облыс кітапханаларында 17 коворкинг орталықтары ашылып, жастардың жиі бас қосатын орындарына айналды.

Ал үстіміздегі жылы 1 коворкинг орталығы- Ш.Уәлиханов атындағы орталық әмбебап-ғылыми кітапханасында релакс аймағы ашылды.

Сонымен қатар, есепті мерзімде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында кітапханалар жанынан 59 ақпараттық орталықтары ашылып, бүгінгі күні 130 цифрландырылған ақпараттық орталықтары қызмет көрсетуде.

Бүгінде облыста 2300-ден астам спорт нысандары, 200-ден астам мәдениет нысандары, 26 аула клубтары жастар игілігіне қызмет етуде, Жол картасы аясында қосымша 146 нысан ашу жоспарланған. Оның ішінде (мәдениет саласы бойынша 65, спорт саласы бойынша 80 ашу көзделген. Үстіміздегі жылдың 9 айында 81 нысан пайдалануға беріліп үлгерді.

Наурыз мерекесі қарсаңында облыс орталығында көлемі 6,3 гектарды құрайтын жерге «Жастар аллеясы» пайдалануға берілілуі де жамбылдық жұртшылық, әсіресе жастар үшін керемет тарту болды. Аталған аллеяда «Махаббат» стеласы, «Білім» алаңы, «Jastar» қабілет орталығы, «Кітап» алаңшасы секілді идеологиялық маңызды орындар орналасқан. Бұл нысан жастардың бос уақыты мен білім алуын тиімді үйлестіретін, ақпараттық технологияларды еркін қолданатын үлкен алаңға айналуда.

Қалай деген күнде де жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие берумен шектелмей, оларға қажетті нысандарды көптеп салудан ұтпасақ ұтылмаймыз. Өйткені, бос уақытын тиімді өткізуге дағдыланған жастар ертең атпал азаматқа айналары күмән тудырмайды. Бұл тұрғыда жергілікті жастар үшін барлық жағдайды жасап, мол мүмкіндік қарастырып отырған Жамбыл облысының бастамалары мақтауға тұрарлық.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір