• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 09:05:26
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

12 Қазан, 2019 Аймақтар

Еріктілердің еңбегі ескеруге тұрарлық

Биыл Жамбыл облысында волонтерлердің әлеуеті қайырымдылыққа, мұқтаж отбасыларына нақтылы көмек көрсетуге бағытталды. Облыста 2 мыңға жуық еріктілер дерекқоры жасалды.

Бұл жұмыстарды жүйелендіру мақсатында облыс әкімдігінің 2019 жылғы 14 наурыздағы №52 қаулысымен «Қамқор» волонтерлік-қайырымдылық жобасын іске асыру жөніндегі жоспар бекітілген.

Жоба аясында 1800 волонтер облыстағы 250 мыңға жуық отбасыларын аралай отырып, арнайы әзірленген әлеуметтік сауалнама толтырды. Аталмыш жобаны іске асыруға 15 миллион теңге қаржы қаралды.

Бұл қаржыға Тараз қаласында 3 қайырымдылық дүкені ашылып, қажетті жабдықтар алынды.

Одан бөлек, халық көп шоғырланатын сауда орындарында 5 қайырымдылық жәшігі орнатылды. Жыл басынан бері аталған дүкендер арқылы 977 отбасына 4 тоннаға жуық киім-кешек таратылған. Сол сияқты, жоба аясында волонтерлердің ықпалымен облыс бойынша 609 отбасына 3,2 миллион теңгеге азық-түлікпен көмек көрсетілді.

«Қызыл жарты ай» қоғамдық қоры- 754 кг киім-кешек түрінде гуманитарлық көмек көрсетсе, қайырымдылық жәшіктерінен- 500 кг, азаматтардан- 300 кг киім-кешек алынған. Жалпы, 1554 кг киім-кешек, олардың 800 кг мұқтаж отбасыларға таратылды.

Сонымен қатар, волонтерлермен жергілікті жерлерде түрлі тұрмыстық заттар, киім-кешектер жинастыру, заттарды мұқтаж отбасыларына тарату шығындары қарастырылған. Одан бөлек, волонтерлермен түрлі мәдени-спорттық көпшілік шаралар ұйымдастыру, оларды бағалы сыйлықтармен марапаттау, жыл қорытындысы бойынша нәтижелі жұмыс атқарған 12 волонтерге демалыс орындарына жолдама беру секілді ынталандыру шаралары қаралған.

Ағымдағы жылдың 25 маусымында сағат 9.00-де «QamQor» қайырымдылық дүкені Жамбыл облысы мен Тараз қаласы тұрғындарынан гуманитарлық көмек қабылдау пунктін ашты. Осы орайда 20 адам және 1 мекеме гуманитарлық көмек көрсетті.

Ал 25-26 маусымда дүкенге Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен 67 адам көмекке жүгінді. Сондай-ақ, гуманитарлық көмек жарылыс кезінде зардап шеккен адамдар орналастырылған №13 Теміржол колледжіне жөнелтілді. Гуманитарлық көмек ретінде киім-кешек, гигиеналық заттар және азық-түлік үлестірілді

Облыстағы 358 орта мектепте және 44 колледжде 402 «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары құрылған. Онда 9898 бала әскери-патриоттық тәрбиемен қамтылды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір