• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 10:49:58
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

16 Қазан, 2019 Маңғыстау облысы

«Қазақстанның үздік тауары-2019» көрме-байқауына маңғыстаулық Әсем Өтепова қатысты

26 жастағы жас дизайнер, шебер Әсем Өтепова «ASEM ANDREI» брендінің жетекшісі. Жеке кәсібін өткен жылы бастады. Аз уақыт ішінде бірқатар байқауларға қатысып, өзінің қайталанбас туындыларымен көпшіліктің көз қуанышына айналып үлгерді. Сөйтіп тамыз айында Ақтау қаласында өткен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына өз жұмыстарын қойды. Онда «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымында  ЖК «ASEM ANDREI» топ жарып, Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық додаға жолдама алған еді.

Нұр-Сұлтанға жас шебер маңғыстаулық 8 компанияның бірі ретінде, үлкен дайындықпен барды. Қыз жасауы, ұлттық киімдер топтамасын қазылар алқасының алдына ұсынды. Жүлдегерлер желтоқсан айында Мемлекет басшысының қолынан марапат алады деп жоспарланған.

Әсемнің жұмыстарының басқалардан ерекшелігі- ескі жәдігерлердегі ою-өрнек, таңбаларды заманауи бағытта пайдалану. Мәселен, ежелгі тастағы таңбаларды кажекей, камзол сынды ұлттық киімдерге салуды Қазақстанда алғаш боп Әсем бастаған.

-«Тастағы таңбалы жазуларды киімге салу әдісін ойлап тапқан еді. Кейін алматылық дизайнерлер пальтоға көшіріп басқанын байқап жүрміз. Арнай құжаттармен заңдастырып алмаған соң, ала берсін дейміз. Әсемнің идеясымен алғаш жасалған дүниелерді кейбіреулер рұқсат сұрап, пайдаланып жататындар да кездеседі. Сондықтан да білгенін үйрету үшін шеберлік сағаттарын жүргізе бастады»,- дейді жеке кәсіпкердің әкімшісі әрі туысы СветланаАндрейқызы.

Әсемніңбойына қолөнер, тігін ісі әжесі мен анасынан дарыған. Бала кезде осы екі ақылшысына еліктеп, іне-жібін қолынан тастамады. Бірақ оны қосымша кәсібім деп қабылдап, ІТ мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнын, сонан соң магистратураны бітірді. Бірақ бала кезгі сүйікті ісіне аңсары ауды да тұрды. Сөйтіп былтыр қарағандылық шеберден қыз жасауын тігуді жетік меңгеріп, өз кәсібін ашты. Тапсырыс күн санап арта түсті. Қазір шебер 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Айына орта есеппен 20 шақты тапсырыс қабылдайды. Өз қолдарынан шыққан көрпелер, жастықтар, қыздың түгел жасауы, шымылдық, камзол, кәжекей, көйлектер, сырға салу жабдығы, бесік жасауларына тапсырыс толастаған емес. Оларға сапалы маталар таңдап алынады. Негізінен мақпал, барқыт, жібек сияқты құнды маталармен тігіледі. Сонан соң, сырылып тігіліп, моншақ, оюлармен көмкеріледі. Қазір кеудеге тағатын моншақталып, үкіленген броштар үлкен қызығушылық тудырып отыр.

Броштарды ұсақ моншақтар, үкі, әшекеймен безендіріп киімге тағуды өзім ойлап таптым. Сондай-ақ, сырға салу салты кезінде аруға төселетін әдемі көрпе мен сырға салуға арналған сәукеле пішіндес қобдишаны қосарлы жабдық ретінде шығару идеясы туып, үлкен сұранысқа ие болды. Тастағы таңбаларды жаңғыртып, сәнге айналдырып, неге киімге салмасқа деген ой келді. Бұл да сәтті шыққан дүние болды»,- дейді «ASEM ANDREI» брендінің иесі Әсем Өтепова.

Жас шебердің қолынан шыққан бұйымдар Маңғыстау облысын айтпағанның өзінде, Атырау, Алматы, Тараз, Балқаш өңірлерінен сұранысқа ие.  Көптеген аймақтардан қолөнерді үйренгісі келетіндер қатары артқан соң шеберлік сағатын өткізуді бастады. Қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтөбе қалаларын барып шеберлігімен бөлісіп, жаңа шеберлердің шығуына ат салысып жүр. Олардың көбісі өз ауылдарында жеке кәсібін бастап кеткен.

Алда хас шеберде жоспар көп. Ежелгі ұлттық бұйымдарды заманауи үрдіспен үйлестіріп, жастарға насихаттау жолында аянбай тер төге бермек. Алматы мен Атырау қалаларының ірі сауда үйлері «ASEM ANDREI» брендін көтерме тапсырыспен алып, саудалауға дайын.

 үздік тауарүздік тауарүздік тауарүздік тауарүздік тауарүздік тауар

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір