• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 19:38:32
Алматы
+35°

Жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының   80 жылдық мерейтойы туған жері Онды ауылында да кең көлемде аталып өтті. Мерекелік шараға 3 мың адам жиналды.

Жазушының туған ауылына жиналған қонақтар «Ай-Ана» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. «Ай-Ана» мемориалды кешені ел тілеген аналардың құрметіне, Ұлы Отан соғысына аттанып оралмаған жарларын күткен әйелдердің символикалық  бейнесі ретінде, Әбіштей дананы дүниеге әкелген Айсәуле анаға арнап тұрғызылған.

Меймандар Әбіш Кекілбайұлы білім алған Онды орта мектебінде болып, білім ошағының тарихымен танысты. Арнайы ұйымдастырылған танымдық шараларды тамашалады. Аталмыш мектепте жыл сайын республикалық Әбіш оқулары байқаулары өткізіліп тұрады. 

Мерекелік шаралар аудан орталығы Шетпе ауылында жалғасты. Орталық алаңға «Әбіш ауылы» киіз үй қалашығы бой түзеді. Қаз-қатар 30 киіз үй тігіліп, үш мыңға жуық адам жиналды. Аудан тұрғындары мен қонақтарастан дәм татып, концерттік бағдарламаны тамашалады.

Маңғыстау ауданында өткен мерекелік кеште Қазақстанның әр аймағынан жиналған сазгерлердің Әбіш Кекілбаев пен Фариза Оңғарсыноваға арнап шығарған әндері шырқалды. 80 жылдыққа арналған мерей тойда Жамбыл облысынан «Фариза жан» әнінің авторы, ҚР мәдениет саласының үздігі Әбиірбек Тінәлі, Алматы қаласынан қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Әлқожа, Қызылорда облысынан композитор Жақсыгүл Бегманова, Ақтөбе облысына Марғұлан Құлмағанбетов және маңғыстаулық ақын-сазгерлер қатысты.

         Маңғыстау аудандық мәдениет үйінде Маңғыстау облыстық  филармониясы әртістерінің қатысуымен  көпшілік назарына  «Мұнартау» атты концерттік бағдарлама ұсынылды.  Шарада абыздың «Махамбет толғау», «Қаратау» «Құз басында құлжа тұр»  сияқты өлеңдері мақам сазбен әдептеліп, жыр түрінде ұсынылды, арнайы жазылған әндер орындалды.

       Жазушының 80 жылдық мерейтойынмәдениет үйінде өткен жазба ақындар мүшайрасы қорытындылады. Елдің түкпір-түкпірінен келген шайырлар жиналғандарды абыз әлеміне қара сөзбен сапар шектіріп,  көрерменге керемет көңіл-күй сыйлады. ақындар мүшайрасыақындар мүшайрасыақындар мүшайрасыақындар мүшайрасы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір