• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:31:20
Алматы
+35°

16 Қазан, 2019 Әлеумет

Алматының жастары жыр-термені қайта жаңғыртқан күн

Сегіз ауданның намысын қорғап, 24 қатысушы жыр-термеден додаға түсті.

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогогикалық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Жастар жылы» аясында «Текті сөздің төресі – терме» атты қалалық байқау өтті.

Катысушы

Шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту. Талантты жастарды  қолдау. Жыр-терме ұлттық жанрды жаңғырта отырып, қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнерін дамыту. Сондай-ақ халық арасында ұлттық мұрамызға және рухани құндылықтарымызға деген қызығушылықты  арттыру.

Байқауға 8 ауданның атынан 24 қатысушы бақ сынады. Атап айтар болсақ, Алатау ауданынан Бектұрсын Қайратбек пен Шин Данил, Алмалы ауданынан Ерғайып Бағжан пен Әбенов Рашид және Даулыбаев Аманжол, Әуезов ауданынан Қосанов Нұрболат пен Нұрәлі Есхат және Байтақ Жайнар, Бостандық ауданынан Бақытнұр Қазырбайқызы мен Құбашев Болатбек және Хуанова Алида, Жетісу ауданынан Қазыкен Ұлас пен Сұлтанов Асхат және Көштаев Бекарыс, Медеу ауданынан Аман Мұстафа мен Асқарұлы Қуаныш және Аружан Әбілтай, Наурызбай ауданынан Қанат Бүрлен мен Дәурен Алғысбек және Қайыржанова  Гүлбағым, Түрксіб ауданынан Шынғалиева Дария мен Әділбек Ұлан және Жүсіпов Нұржан болды.

Қатысушы үміткерлер Отан, ел бірлігі, мәңгілік ел, тіл, жастық шақ, өмір туралы, туған жер, қазақ елі туралы жыр-термелер орындады.

 Тілеулес Құрманғалиев, Талғат Абуғазин, Наймантаев Алмас, Қалымбет Бақыт, Сейтқазы Еркежан  сынды әділқазы мүшелері қатысушылардың терме орындаушылық шеберлігіне, дауыс мәнеріне, тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауы мен сахналық киіміне баға берді.

Марапаттау

Байқау қортындысы бойынша  өзгелерден дара көрінген Қайыржанова Гүлбағым бас жүлдемен (200 000 теңге) марапатталса, 1 орынды Асқарұлы Қуаныш (150 000 теңге), 2 орынды Дәурен Алғысбек (100 000 теңге), 3 орынды Жүсіпов Нұржан (70 000 теңге)  қанжығасына байлады. Ал «Ғибратты ой» номинациясына Нұрәлі Есхат (35 000 теңге), «Сөз зергері» номинациясына Хуанова Алида (35 000 теңге) ие болды. Оқ ойы оза шапқандардың қатарын Көштаев Бекарыс (30 000 теңге) пен Даулыбаев Аманжол (30 000 теңге) ынталандыру сыйлығымен толтырды. Одан өзге Бектұрсын Қайратбек, Ерғайып Бағжан, Әбенов Рашид, Қосанов Нұрболат, Байтақ Жайдар, Бақытнұр Қазырбайқызы, Құбашев Болатбек, Қазыкен Ұлас, Аман Мұстафа, Аружан Әбілтай, Шынғалиева Дариға, Шин Даниал алғыс  хаттар иеленді.

Марапаттау барысында дәстүрліі әнші Тілеулес Құрманғалиев  доданың «Текті сөздің төресі – терме» деп  аталуының өзін ерекше екендігін айтты. Сөз барысында «Бәйгеге оза шапқан деп Алғысбектің орындауындағы Іле мақамын атай аламын.

Ал кемшіліктерге тоқталсам, бүгінгі қатысушылардан аса жігер мен жалынды көре алмадым, Көбінің термеден гөрі әншілікке басым екендігі орындау шеберлігінде белгілі болды. Тіптен, қара шаңырақ Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Қонсерваториясында кәсіби түрде оқитын студенттердің осал болғандығы сәл көңілімді түсірді.

Бүгінгі қатысушылардың басым көпшілігі жырдың сөзін толық білмейді. Екі қазақтың басы қосылса,  Жәнібек Карменовтың толғауын орындайды. Ал сол шығарманың сөзі қате айтылды. Яғни орындаушы записті тыңдау арқылы үйреніп, түп нұсқасынан қарамаған деген сөз. Болашақта ескерсеңіздер» – деп, ойын түйіндеді.

Терме атауы қазақтың «тер», «теру» сөзінен шыққан. Әннің әуені болса, терменің өзіне тән мақамы бар. Додадағы жаңалық – Ілі қазақтарының ішінде терменің мұрагері атанған Мағауия Баймұхамедұлының «Жайлауым менің жәннатым» термесі мен қазақ өнерін сол елде насихаттаған Масабайдың «Аумалы дүние» атты шығармаларының орындалуы.

Алматы қаласын әкімдігінің аппараты «Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының ұйымдастыруымен өткен жыр-термешілер байқауында қазақтың ұлттық құндылығының бірі – терме жанры тағы бір мәрте қайта жаңғырды. Ұлттың болмысы дәстүрімен жалғасады.

 

 

 

Ақтолқын Тажикова

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір