• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:13:29
Алматы
+35°

15 Қазан, 2019 NEWS

Президент қолжетімді баспанаға қол жеткізу жолдарын ұсынды

Мемлекет басшысы Ақордада өткен отырыста қазақстандықтар үшін баспананы қолжетімді ету мәселесін көтерді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пәтерді жалға беру нарығын реттеп, баспана құрылысының өзіндік құнын жүйелі түрде төмендету керек екенін айтты.

Ақордада мемлекет басшысының төрағалығымен экономикалық мәселелер жөніндегі кеңес өтті. Президент бірқатар тапсырма берді, – деп Тоқаевтың баспасөз қызметі хабарлайды.

"Әрбір қазақстандық пәтерді жалға немесе сатып алу мүмкіндігі мен шарттарын анық түсінуі тиіс. Бұл үшін баспананың қолжетімділігіне қатысты шарттарды анықтау керек. Құрылыстың өзіндік құнын жүйелі түрде төмендетіп, көппәтерлі және жеке баспананың аражігін ажыратып, пәтерді жалға беру нарығын реттеу керек", –  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Баспана жайы елдегі ең өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет баспананы қолжетімді ете түсу үшін бірқатар бағдарламаны іске қосты. Оған сәйкес, кейбір тұрғындар жалға берілетін пәтерге ие болады немесе пәтерді жеңілдікпен сатып алады.

Кеңесте елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы, ақша-кредит саясатын жүзеге асыру, атаулы әлеуметтік көмек реформасы мен әлеуметтік мәселелерді талқыланды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір