• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:37:58
Алматы
+35°

Жамбыл облысында қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, этносаралық және конфессияаралық бейбітшілік, бірлік пен ынтымақ, ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында, өңір тарихының аса маңызды кезеңі – Жамбыл облысының құрылғанына 80 жыл толуы қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Елдік елге байланысты» қоғамдық форумы Сарысу ауданында жалғасын тапты. Бұл туралы Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Басқосуға ардагер қария Әскербек Жұматаев модераторлық етті. Форум барысында түйіткілді мәселелер, ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыптың уақыт ағымымен өзгеруі, ысырапшылдық пен даңғазалыққа жол бермеу, жастар тәрбиесінің өзектілігі туралы ауданымыздың ақсақалдары мен ел ағалары, білімді әрі парасатты азаматтары сөз сөйледі. Мысалы, аудандық мәслихаттың депутаты Асанбай Сейналиев берекелі бірліктің берерір мол екенін кеңінен тарқата әңгімеледі.

Ал аудандық "Алқа билер" кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбеков «Қарты бар үйдің, қазынасы бар!» атты баяндама жасап, үлкенді сыйлаудың өнегесі туралы сөз қозғады. Келесі кезекте аудандық мешіттің бас имамы Ғалымжан Қонақбаевтың «Діни жоралғыларды жасауда ысырапшылдыққа жол бермеу» тақырыбындағы сөзі көп көпке ой саларлықтай болды. Сонымен қатар білім беру саласының ардагері Рызықия Смағүлова «Тәрбие тал бесіктен басталады» атты баяндамасы арқылы жастардың ұялы телефон интернеттен гөрі көбірек уақыттарын кітапханада өткізсе деген ұсынысын айтты.

Медицина саласының ардагері Зауал-Махан Абзалбеков болса «Той мәдениетін жаңғырту керек. Ас та, төктікті доғарайық ағайын!,-деп бүгінгі замандағы орын алып жатқан ысырапшылдыққа тоқталып өтті. Мәдениет саласының ардагері, Жайылма ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы Серікбек Сатқынтегі де «Ақсақалдықтың абырой-беделін биіктету – уақыт талабы» деп, кейінгі жастарға үлгі-өнеге көрсету алдыңғы лек міндеті екендігіне тоқталды. Сондай-ақ, Жаңатас қаласының тұрғыны, еңбек ардагері Шәкизат Сапарбаева «Анаға қарап, қыз өсер... Біз де келін болғанбыз...Ене болдық мінекей! Тату-тәтті қазақ отбасыларында өскен қыз балалар бабаларымыздан дарыған асыл қасиеттердің арқасында ақылды да көрікті болып өсіп келеді. Талапшылдықтың нәтижесінде қандай істі қолға алса да тиянақты етіп атқарады. Балалық шақта алған жақсы тәлім-тәрбие өмірлік азық болары хақ. Ас ішерде тазалықты, киім киерде тиянақтылықты, әңгіме тыңдауда зейінділікті, жүріп-тұруда ұқыптылықты ең алдымен әйел заты бақылап отыратыны шындық. Балалары ақылды, алғыр, жауапкершілігі мол болып өссе, әйел қашанда олардың қуанышты келбетінен қуат алып, өзін сергек сезінеді,-дей келе бүгінгі тәрбие мәселесі жөнінде жеткізе айтты.

Келесі сөз Жаңатас қаласының кәсіпкері, «АянХолл» мейрамханасының иесі Райымбекова Қуанышқа берілді. Көтерілген мәселеге байланысты, әсіресе мына мейрамханалар мен тойханалардың түнгі сағат 23:00-ден кешікпей той-жиындарды тоқтату мәселесі орынды екендігіне тоқталған кәсіпкер қашанда орынды ұсыныстарды қолдайтынын айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір