• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:09:47
+35°

Елбасы-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұған дейін қазақстандықтардың 30 пайызын бұқаралық спортпен қамту туралы меже қойған болатын. Маңызды міндет өз өзектілігін жойған жоқ. Осы орайда барлық елді мекендерде жаңа спорт алаңдары бой көтеріп, шеберлікті шыңдауға бағытталған жарыстардың қатары артуда. Бұл әрине, құптарлық жағдай. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға, мәдениет саласын ілгерілетуге, жастардың жай-күйін жақсартуға айрықша көңіл бөлді. Мұның бәрі де бір-бірімен тығыз астасып жатқан мәселелер екендігі белгілі. Яғни, Президент Жолдауда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасау міндетін қойды.

Жолдауда сондай-ақ бұқаралық спортты дамыту жөніндегі кешенді жоспар қабылдау қажеттігі айтылды. Бүгінгі күні Жуалы ауданы бойынша 112 спорт нысанының барлығы тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануы үшін қолжетімді. Аталмыш спорт нысандарының 25-і Б.Момышұлы ауылында болса, 87-сі ауылдық округтерде. Ал ауданда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 15 547 адамға жуықтаған. Бұл белгіленген меженің 29,6 пайызға жеткенін көрсетеді. Сонымен қатар аталмыш өңірде еріктілер қозғалысын дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде.

-2020 жылдың «Волонтер жылы» деп жарияланғаны белгілі. Еріктілер қызметіне азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың қатысу аясын кеңейту, олардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағды қалыптастыру – маңызды міндет.

Облыс әкімдігінің ағымдағы жылдың 14 наурызындағы №52 қаулысымен бекітілген «Қамқор» волонтерлік-қайырымдылық жобасы аясында 100-ге жуық ерікті 10 114 отбасын аралап, 2 361 отбасына әлеуметтік сауалнама толтырып, мұқтаждықтары сараланды. Жоба аясында ауданда бір қайырымдылық дүкені ашылды,-дейді Жуалы ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Нарынбетов.

Жолдауда Президентіміздің мәдениет саласына ерекше тоқталуы тегін емес. Өйткені, Елбасы айтқандай, «Рухы биік халық қана ұлы істерді атқара алады». Оның үстіне рухани жаңғыруға бет бұрған кезеңде бұл салаға артылар жауапкершілік те жоғары. Бүгінде Жуалы ауданы бойынша мәдениет саласында 229 қызметкер жұмыс істесе, олардың орташа айлық жалақысы 88 мың теңгені құрайды.

Осы орайда аудан әкімдігіне қарасты мекемелердің жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап төмен жалақы алатын бас мамандардың айлық жалақысы 30 пайызға, бөлімше басшылары мен сектор меңгерушілерінің айлық жалақысы 10 пайызға өскен. Бұл мақсатқа республикалық бюджет есебінен 31 067,0 мың теңге бөлініпті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір