• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:59:28
Алматы
+35°

Бесқарағай ауданындағы 15 мектепте IT-сыныптары ашылды. Осы мақсатта облыстық бюджеттен тиісті қаражат бөлінді. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО Бесқарағай ауданының әкімі Дәулет Батырбаев мәлім етті.

Биылғы оқу жылында облыс әкімі Даниал Ахметовтің қолдауымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 747 балаға тегін мектеп формасы берілді. Брифингке қатысқан аудан әкімі осылай деді.

– Ауданның 16 мектебінде жаратылыстану циклі пәндерін ағылшын тілінде оқыту енгізілді, 29 мұғалім «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пәндерінің мұғалімдері үшін тілдік қайта даярлау курстарынан өтті. Бүгінгі күні 7 химия мұғалімі, 8 биология мұғалімі, 9 физика мұғалімі, 5 информатика мұғалімі пәндерді ағылшын тілінде оқытады. Оның ішінде 10 оқытушы халықаралық TKT CLІL тесттерін тапсырды, – деді Дәулет Батырбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір