• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 11:03:11
+35°

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түзілген Қазақстанның киелі жерлерінің картасы тізіміне Жамбыл облысынан енген жалпыұлттық нысанның бірі Тектұрмас кесенесіне қатысты аңыз-әңгімелер көп. Оның көпшілігінде бұл кесенені діни орын ретінде сипаттайды. Тіпті кей деректерде оның астында Тараз қаласының орталығына дейін жететін жерасты жолы бар әскери-стратегиялық нысан екендігі де айтылады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл кесене Тараз қаласы маңында Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан. Тарихи деректер бұл нысанның XIV ғасырларға жататындығын айғақтайды. Дегенмен оның авторлары мен нысанды салудағы түпкі мақсат белгісіз. Кесене толығымен күйдірілген кірпіштен салынған. Тарихшы Г.А. Пугаченкова Тектұрмас кесенесінің салынған мерзімін XIV ғасырға жатқызады. Ал оның атауына қатысты мәліметтерде «Тектұрмас»-ты «тау жай тұрмайды» деген тіркеспен мағыналас екендігін айтылады. Түрік тілінде бұл атау «тынымсыз орын» деген мағынаны береді.

Ал кесенені тұрғызудағы әу бастағы мақсат оны діни рәсімдер орын ретінде пайдалану болғанға ұқсайды. Өйткені мұнда зорастризм, христиандық, мұсылмандық рәсімде жерлеу орындары орналасқан. Тектұрмас кесенесіне бару үшін төбенің етек жағында ежелгі жерасты жолы мен Талас өзені арқылы өтетін тас көпір кәдеге жараған.

Әрі кесенені ХХ ғасырдың 30 жылдарында атеистердің қиратуы да бұл нысанның діни орын болғандығын айғақтай түседі. 2001 жылы қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізушілер кесененің ХІХ ғасырдың 80 жылдары орыс зерттеушілері түсірген фотосуретіне иек артқан.

Жалпы Тектұрмас кесенесіне қатысты түрлі аңыздар айтылады. Соның бірінде Тектұрмас есімді қолбасшы Әулие Қараханның тұсында әскербасы, жасауылбасы ретінде еңбек еткен. Қазіргі Жамбыл жеріне құрылған үлкен хандыққа әмір жүргізген Қараханның әскери шенді қызметкері ретінде Тектұрмас қалаға сапарлап келе жатқан, шығып бара жатқан керуенді, жолаушыларды тексеріп тыным таппай жүреді екен. Соған бола оны көпшілік Тектұрмас атап кеткен болуы да мүмкін. Кейіннен дәл осы қолбасшы жерленген орын Тектұрмас кесенесі деп аталуы да ғажап емес.

Ал келесі бір аңызда қазіргі Тектұрмас кесенесі орнында қала болғаны жайында дерек келтіреді. Аталған аңыз желісінде бес жүз жылдай бұрын Талас жерін қалмақтар билеп-төстеп тұрғаны сөз болады. Олардан зәрезап болған жергілікті халық Әмір Темірмен сөз байласады. Бұл келісімге сай Әмір Темір қалың қолын бастап, Самарқаннан Таласқа қарай аттанады. Оны естіген қалмақтар Темір әскерінен бас сауғалап, өз иеліктеріндегі асыл бұйымдарды Тектұрмасқа әкеп жинап, оның үстіне отын үйіп өртеп жібереді.

Кесенеге қайта қалпына келтіру жұмыстары 2002 жылы Тараздың 2000-жылдығына орай жергілікті меценат Амангелді Момышевтің бастамасымен жас сәулетші Нұрлыбек Бәкеевтің жобасына сай жүргізілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір