• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:03:09
Алматы
+35°

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түзілген Қазақстанның киелі жерлері картасына жалпыұлттық маңызға ие нысан ретінде тізімге алынған «Ақыртас» сарай кешені жайындағы мәліметтер тарихқа 1200 жылдан белгілі болғанымен ғалымдар бұл нысанның пайдалану мақсаты жайында бір байламға келген жоқ, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Тарихшылар келтірген мәліметтерден «Ақыртас» сарай кешенінің іргетасы VIII-XII ғасырларда қаланғаны белгілі. Зерттеушілер көлемі 2,5 гектар болатын кешеннің 70-ке жуық бөлмесі мен 15 колонна галереясының орнын тапқан. Сондай-ақ мұнда ортада жарты гектар ашық алаң да бар. Деректерде «Ақыртас» кешенінің дүниенің төртұрышына бағытталған төрт қақпасы болғандығы да айтылады.

Дегенмен аяқталмай қалған ірі тарихи-сәулеттік нысанның әу бастағы пайдалану мақсатына қатысты ғалымдардың ойы бір ортада шықпай отыр. Мәселен ғалымдардың бір тобы Ақыртастың құпиясын араб деректерінен іздейді. Онда дәл осы маңда Ұлы Жібек жолы бойындағы қала ретінде тарихта қалған Касрибас қаласының болғандығы айтылады. Ақыртасты дәл осы қаланың орны деушілер де бар. Ал енді бір деректер Атлах шайқасынан соң қытай мен араб билеушілері келісіп, қала салуға кіріскені айтылады. Алайда белгісіз себептерге байланысты құрылыс тоқтап қалған.

Қалай десекте 130 жыл бойы зерттелгенімен Ақыртас ақиқатына қатысты ғалымдардың болжамы да әрқилы. Ақыртас жайындағы ең алғашқы дерек 1222 жылы Қытайдан Шыңғысхан қосынына барған Даосс тахуасы Чан-Чунь өзінің саяхат күнделігінде кездеседі. Ол: «Жол бойында тастан тұрғызылған қалаға тап болдық. Қызыл түсті тастан қаланыпты. Ежелгі әскери қоныс мекенінің белгілері байқалады» деген деректерді келтіреді.

Ал патшалық Ресейдің қазақ жерін зерттеуге жұмсаған полковник Черняевтің әскери экспедициясы құрамында болған суретші М.С.Знаменский Ақыртастың бейнесін қағазға түсіреді.Мұнан бөлек бір топ орыс ғалымдары Ақыртасты будда, несториан ғибадатханалары болуы мүмкін деген болжам айтады. Осы нысанға 30 жыл зерттеу жұмыстарын жүргізген орыс ғалымы академик Г.Пацевич мұндағы құрылыстың асқан дәлдікпен және берік материалды қолдана отырып жасалғанынан таңданысын білдіреді.

Ал қазақстандық тарихшылар Ақыртастың әлдебір лауазым иесіне арнап салынып, құрылысы аяқталмай қалған алып құрылыстың іргесі деген дерек келтіреді.

Бұл деректі ғылыми-зертету жұмыстарын француз ғалымдарымен бірге жүргізген академик Карл Байпақов та растайды. Ғалымдар тобы нысан құрылысының Ирак пен Сириядағы орта ғасырлық құрылыстарға ұқсас болуында алға тартады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір