• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 11:25:03
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

11 Қазан, 2019 Аймақтар

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз

Ұлттық нақыштарға құрмет – ұлттық құрметімізді дәріптеу. Ата заңымыз бойынша әрбір азамат Әнұранын, Елтаңбасын және Туын қастерлеуі қажет. Және оны кейінгі ұрпақтың санысына сіңіріп, жадында жаттату абзал. Міне, осы мақсатты тұтқан Жамбыл облысы Талас ауданында ауқымды жиын өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Талас ғұмыры» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсету мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбы бойынша «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты конференция шымылдығын түрді.

Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Талас ғұмыры» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсету мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбы бойынша «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты конференция Қаратау құрылыс технология колледжінде ұйымдастырылды.

Аталған іс-шарада «Талас ғұмыры» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшесі Көлбаева Жазира Әбдірәсілқызы колледж ұжымына және жастарына Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі және құрметтеуге шақырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің шығу тарихы жайлы, олардың авторлары туралы айтып өтті. Тараз Мемлекеттік Педагогикалық университетінің жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Қадыралиев Айбек Амансейітұлы жастарды мемлекеттік рәміздерді құрметтеу және қастерлеу патриоттықтан басталатындығы, оларды қадірлеу еліміздегі азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастыратындығы туралы айтты. Сөзін мемлекеттік рәміздерге арналған өзінің өлең жолдарымен аяқтады. Тараз Мемлекеттік Педагогикалық университетінің білімгері, белсенді жас Алпысбай Ақнұр жастарды белсенді жастардың қатарында болуға шақырды. Іс-шара соңы Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнін орындаумен аяқталды.

Иә, мұндай жиындар жастар үшін қажет-ақ. Себебі мұндай басқосулардың артында ұлттық тәрбие мен сарқылмас отандық патриотизм жатыр.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір