• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:05:24
Алматы
+35°

«Жол жайы жүргіншіге таныс, барайын десең ауылым алыс» деген екен бір бейбақ. Шынында бүгінде сапалы жол жайы жүргіншілердің қабырғасына батып отырғаны белгілі. Ал ауылдағы ағайын тақтай тегіс жолды көретін күнді асыл арманына айнылдарған. Десе де «Өңірлерді дамыту», «Ауылым – ел бесігім» сынды жобалар арқылы бүгінде жер-жерлерде жолдар жаңартылып жатыр. Мұндай игі істі жамбылдықтар да көруде, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Облыс бойынша автомобиль жолдары, аудан орталықтарының бас көшелерінің бойында орналасқан құрылыс нысандары және контейнерлік сауда дүңгіршектері туралы талқыға емес нақтыға салар тірліктер көп. Мәселен өңірдегі автомобиль жолдары, көшелердің бойында орналасқан контейнерлерлік сауда орындарына, олардың рұқсат құжаттарына, санитарлық-техникалық талаптарға, құрылыс нормаларына сәйкестігіне жұмысшы топ құрамымен зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде облыс бойынша 109 құрылыс нысандары мен сауда дүңгіршектері анықталды. Анықталған, нысандардың 58-ның құжаттары рәсімделген, ал 51 нысанның құжаттары аудан әкімдіктері тарапынан берілген мәліметке сәйкес, құжаттары рәсімделмегені туралы ақпарат берілді. Бүгінгі күнге, Аудандар бойынша алынған және бұзылған құрылыс нысандары мен сауда дүңгіршектер саны-11 (Байзақ-1, Жамбыл-1, Қордай-2, Мойынқұм-1, Т.Рысқұлов-4, Шу-2); облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы тарапынан айыппұл салынғандар саны-2 (Жамбыл 777 700 тг); облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына шара қолдану үшін жолданғандар саны-5 (Байзақ-3, Сарысу-2); Қалған 33 құрылыс нысандары және сауда дүңгіршектеріне аудан әкімдіктері тарапынан шара қолдануда.

Иә, бұл нысандардың реттеулі жол қозғалысын да реттейтіні белгілі. Заңсыз сауда, сан соқтыратыны тағы бар. Әрине мұндай қадамдардан кейін жол құрылысына көңіл бөлінетіні абзал. Алдымен дүңгершектер мен сауда орындарын ретке келтіріп алу қажет. Одан кейін кедергісіз жол құрылысына кірісуге болады. Бұл мақсатта биыл облыстақ және республикалық қазынадан қыруар қаржы бөлініп, басым бөлігі иегіліпі те қойды. Одан бөлек келер жылға өтпелі нысандар да бар. Міне жоспарлы жұмыстардың барлығы жүзеге асқаннан кейін жол мен көше бойларын реттеліп, жол қозғалысы да жөнге қойылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір