• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:33:36
Алматы
+35°

14 Қазан, 2019

Қазақстан елшісі ақ түсті киіммен рәсімге қатысты

Бүгін Доминикан Республикасындағы Қазақстанның төтенше және  өкілетті елшісі Андриан Елемесов сол елдің президенті Данило Медина Санческе сенім грамотасын тапсырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі regnum.ru сайтының ақпарына сүйеніп. 

Бүгін Доминикан Республикасындағы Қазақстанның төтенше және  өкілетті елшісі Андриан Елемесов сол елдің президенті Данило Медина Санческе сенім грамотасын тапсырды, – деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі regnum.ru сайтының дерегін негізге алып. 

Рәсімге Доминикананың президенті де, сыртқы істер министрі де бірыңғай ақ киіммен келген. Бұлардың қатарында қазақ елшісі Андриан Елемесов те бар.

– Бұл – протокол тәртібі. Доминикан – тропикалық ел, ақ түс елдің туында да  бейнелеген. Ол – бір мақсатқа жұмылған халық бірлігін көрсетеді, – деді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров. 

Кариб теңізі жағалауындағы Доминикан Қазақстанмен сауда және инвестиция құю жөнінде меморандумға қол қойды. 

Доминикан президенті Д.Медина Санчес әріптесі – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сәлемін жолдап, елшінің жаңа қызметіне  табыс тілеген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ақ рәсім Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір