• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:36:50
Алматы
+35°

Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен өткен жиында көше жарықтандыру желілері құрылысының барысы қаралды, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Бірнеше ай бұрын әкімнің тапсырмасымен көшелер мен аулаларды жарықтандыру бойынша ауқымды жұмыстар басталған болатын. Бүгінде бұрын жарық жүйесі болмаған 208 көшеге жарық орнату жұмыстары аяқталуға жақын. Шамамен төрт мыңға жуық жарық нүктелері қазан айының соңына дейін орнатылады.

Сонымен қатар, Б. Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес сынған және зақымдалған жарық нүктелерін анықтау үшін күнделікті тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жиналыста қала әкімі атап өткендей, сапа мен қызмет көрсету үнемі бақылауда болмақ.

Келесі жылдың соңына дейін қаланың жарықтандыру деңгейін жүз пайызға жеткізу жоспарлануда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір