• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:57:20
Алматы
+35°

14 Қазан, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Президентпен кездескен Мұхтар Тайжан нені құпия қалдырды?

Президент адамның сөзді бөлмей, өте мұқият тыңдайды екен

Достар, ағайын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу өтті.  35 минуттай үшеуіміз еркін отырдық - президент, оның кеңесшісі Ерлан Қарин және мен. Президент адамның сөзді бөлмей, өте мұқият тыңдайды екен. Мен ұсыныстарымды толық жеткіздім. Қандай ұсыныстар?:

1. Тәжік-Ауған шеқарасында 1992-2001 соғысқан ардагерлерімізге ресми статус беру. Ресейде, Тәжікстанның өзінде де дәл бұндай сарбаздарда статус бар, ал біз өз ардагерлерімізге ресми статусты неге бермей отырмыз? Олар тәуелсіз еліміздің ардагерлері ғой!

2. Арыс қаланың мәселесі. Көп жұмыс атқарылды, мойындаймын. Бірақ кей тұрғындардың жағдайы әлі де мәз емес. Құрылыс компаниялар сносқа кететін үйлерді ремонттаймыз деп жатыр. Бұл жерде кінә — толығымен мемлекеттің жағында ғой, сондықтан жергілікті халықты толығымен қанағаттандыруымыз керек. 

3. Тараздағы "Родничок" деген тұрғын үйдің мәселесі. Бұл 1990-шы жылдардан келе жатқан мәселе. Аталмыш аймақта 15 мыңдай адам тұрады, бірақ үйлері әлі заңдастырылмаған. Осының кесірінен қалада ешқандай инфрақұрылым жоқ — мектеп, балабақша, аурухана тб. Сондықтан бұл тұрғын үйді заңдастыруымыз керек деп өтіндім.

4. Атырау облысының экология мәселесін көтердім, Жайыққа бәріміздің жанымыз ашиды. Президент Тоқаев бұл проблеманы жақсы біледі екен. 

5. Маңғыстау облысын басқа Қазақстанмен байланыстыратын Бейнеу-Сексеуіл тас-жолы туралы айттым. 1 млрд доллар тұрса да тас жолды салу керек екенін жеткіздім. Өйткені ол тек қана батыс облыстарға емес, бәрімізге қажет. Жөнді тас-жол болса ішкі туризм дамиды, оңтүстіктің көкіністерін батысқа тікелей тасымалдай аламыз, инфляция төмендейді, жүк көліктер Каспий теңіздегі порттарымызға тікелей жете алады, әрі қарай Әзербайжан арқылы Европаға бара алады. Иранға. Батыс облыстар республикалық бюджетіне жыл сайын қаншама мұнай мен газды құйып жатыр ғой!

6. Жер мәселесін түбегейлі қалай шешуге болады өзімнің баршаңызға белгілі ұстанымды жеткіздім. Мораторийдің аяқталуына екі-ақ жыл қалды. Жердің жеке меншік институттың орнына  тек қана ҚР азаматтарына, және 100% ҚР заңды тұлғалар үшін  жалға алу институтын орнату керек. Латифундизмге қарсы космомониторингті енгізу керек екенін айттым. Ол үшін АШМ тиісті бұйрығын жылдам шығару қажет.

7. Достар, жетінші мәселе де болды, бірақ мен мұны әзірше ашық айтпай-ақ қояйын. Бірақ жылдың аяғына дейін бұл қандай мәселе болды міндетті түрде жариялаймын. Әзірше күту керек.

Солай, достарым, ағайын! Кездесуден көңілім толды. Біздің жұмысымыз жалғасуда. Ерлан Қариннің елге көрінбейтін бірақ елге өте пайдалы атқарып жатқан жұмысы үшін шексіз алғысымды білдіремін!

Мұхтар Тайжанның фейсбук парақшасынан алынған

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Мұхтар Тайжан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір