• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:58:26
Алматы
+35°

14 Қазан, 2019

Ермекбаев: Жұмыс қауіпті, өмірлері үшін қауіп-қатер бар

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс қаласын оқ-дәріден тазарту жұмыстары  жүргізілу барысы мен әскери қызметшілердің атқарып жатқан қызметі туралы ақпарат берді,  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс қаласын оқ-дәріден тазарту жұмыстарының  жүргізілу барысы мен әскери қызметшілердің атқарып жатқан қызметі туралы ақпарат берді,  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің мәліметінше, Арыс қаласындағы жағдайды реттеу үшін 700-ден астам адам тартылған.  Ермекбаев Арыс маңында қанша оқ-дәрі қалғанын айтуға құқы жоқ екенін атап өтті.

- Біз қазір жоғары бас қолбасшының тапсырмасын орындап жүрміз. Қалған оқ-дәріні тезірек шығаруды талап етіп отырған арыстықтардың талабы, мемлекеттік қажеттілік бар. Біз ондағы жұмыстарға әскерге шақырылғандарды жұмылдырмаймыз. Тек біліктілігі жоғары, даярланған саперлер мен инженерлер, әскери полицейлерді тартамыз. Барлығы да келісімшарт бойынша қызмет ететіндер, - деді Ермекбаев үкімет кулуарында.

Ермекбаевтың айтуынша, "Арыс қаласының тұрғындарына қауіп төніп тұрған жоқ".

- Әскерилер барлық жерде жұмыс істеп жатыр. Алайда қазір қала тұрғындарына тікелей қауіп төніп тұрған жоқ. Қаланың барлық дерлік аумағы тазартылған. Негізгі жұмыстар жарылыс болған әскери бөлімнің аумағында жүргізіліп жатыр. Жұмыс қауіпті, - деді министр.

Әскерилерден басқа бұл міндетті ешкім орындай алмайды. Бұл үшін біліктілігі жоғары, дайындалған кәсіби мамандар қажет. Олар қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Олардың өмірлері үшін қауіп-қатер бар, - деді Ермекбаев.  

Министр қазақстандықтарды әскерилерге моральдық тұрғыдан қолдау көрсетуге шақырды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір