• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:33:17
Алматы
+35°

14 Қазан, 2019 NEWS

Нан бағасы қымбаттайды

Биыл дәнді дақылдардың өнімділігі төмендеуіне байланысты нан бағасы қымбаттайды.

 Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров нан бағасы аздап өсетінін мәлімдеді, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды  Спутник сайтына сілтеме жасап

"Қазір нан бағасы өңірге байланысты 75-78 теңге. Мен баға болар-болмас өседі деп топшылап отырмын. Шамамен 80-82 теңгеге дейін", – деді Омаров үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Министрлік нан бағасының күрт өсуіне жол бермес үшін Азық-түлік корпорациясымен бірлесіп, астық сатып алуда. Бұдан бөлек, әр облыс әкімдігі тұрақтандыру қорларына бидай мен ұн сатып алып, қамданып жатыр.

"Жыл сайын ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру үшін, әр жылдың ақпанынан шілдесіне дейін Азық-түлік корпорациясы ұн тарту комбинаттарына 150 мыңнан 250 мың тоннаға дейін бидай сатады. Биыл нан күрт қымбаттамас үшін біз ішкі нарыққа 150 мың тонна астық өткіздік", – деді ведомство басшысы.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сүйенсек, республикада 19,1 миллион тонна астық бастырылды.

Жаздың ыстық және құрғақ болуына байланысты дәнді дақылдардың өнімділігі төмендеген. Аптап ыстық пен толассыз жауын-шашын астықтың сапасы мен өнімділігіне әсер еткен.

Үкімет отырысында министр биыл дәнді және дәнді бұршақ дақылдарының өнімділігі бункерлік салмақта 19 миллион тоннаны құрауы мүмкін екенін мәлімдеген еді. Бұл 2018 жылғы өніммен салыстырғанда 2 миллион тоннаға кем.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір