• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
11 Желтоқсан, 21:18:40
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

11 Қазан, 2019 Аймақтар

«Taraz симфониясының» тамаша тартуы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жыл басынан бері Жамбыл облысында көптеген жаңа жобалар жүзеге асырылып келеді. Осы жобалардың тағлымы мол, берері көп екендігі тұрғындардың берген ой-пікірлерінен аңғарылады. Биылғы жыл «Жастар жылы» болып жариялануныа орай өңірдегі жастарды қолдау, ынталандыру, шығармашылықтарын насихаттау мақсатында біршама шаралар атқарылуда. Соның бірі облыстық «Taraz симфониясы» өнер фестивалі. Өңірден шыққан ақындар мен композиторлардың шығармашылығын насихаттаумен қатар классика, джаз, романс жанрларын белсенді түрде дамытуға арналған шара шығармашыл өнерпаздардың қарым-қабілетін арттырып, талантты жастарды анықтау мақсатында шалғайда жатқан ауылдардан басталды.

-Облыстық «Taraz симфониясы» өнер фестивалінің ауылдық іріктеу, яғни I-кезеңі 2019 жылдың 2-12 сәуір аралығында облыс аудандарының ауылдық округтерінде жүргізілген болатын. Аталмыш кезең бойынша қатысушылар «Аспапта орындау» және «Вокал» номинацияларымен өзара бақ сынады. Фестивальдің аудандық іріктеу кезеңдері 2019 жылдың 15 сәуір күні облыс аудандарында өткізілді.

Ал фестивалдің II-кезеңіне 200-ге жуық өнерпаздар қатысып, III-кезеңге 150 үміткер өтті.

Бұдан кейін «Taraz симфониясы» өнер фестивалінің III-ші аудандық іріктеу кезеңі 2019 жылдың 16-24 сәуір аралығында өтті. Аудандық іріктеу кезеңіне облыс аудандары мен Тараз қаласынан барлығы 150 үміткер қатысып, Облыстық халық шығармашылығы орталығының білікті мамандарынан құралған сараптау комиссиясы жасақталды,-дейді Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Бықыбаев.

Айтулы бәсекеде ҚР «Мәдениет саласының үздігі», «Құрмет» орденінің иегері, Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғани Садырбаев, ҚР «Мәдениет саласының үздігі», көркемдік жетекші Эльмира Дутбаева, әнші, композитор 2011 жылы өткен Республикалық Ш.Қалдаяқов атындағы конкурсының лауреаты Көпшіл Ертаев, I Республикалық «Үрмелі және эстрадалық аспапта орындаушылар» конкурсының лауреаты Нұрбол Баймбетов үміткерлердің өнерін бағалап, 85 өнерпазға облыстық іріктеуге сертификат табыстады.

Облыстық іріктеуге ҚР мәдениет қайраткері, қазақ эстрадасының маэстросы Нұрлан Байкөзов пен «Х-band» эстрада және джаз оркестрінің жетекшісі Серік Өтегенов қатысты. Нәтижесінде «Вокал» номинациясынан – 31, «Аспапта орындау» – 8 қатысушы үздік деп танылды.

Ал күні кеше «Баласағұн» орталық концерт залында «Taraz симфониясы» өнер фестивалінің гала-концерті жоғары деңгейде өтті.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір