• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 01:41:34
Алматы
+35°

Әлеуметтік саланы дамыту-мемлекет мән беріп отырған стратегиялық мақсаттардың бірі. Сондықтан да болар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында осы салаға айрықша назар аударды.

«Мемлекет мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Алайда, бірқатар шешімдер жан-жақты сарапталмай қабылданды.

Нәтижесінде бұл патерналистік пиғылдың айтарлықтай артуына әкеп соқтырды. Соңғы 5 жылда Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны 77 мыңнан 1,4 миллионнан астам адамға артқан.

Әлеуметтік көмекке бюджеттен бөлінетін қаражат көлемі 2017 жылдан бері 17 есе көбейді және одан да арта түсті.

Басқаша айтқанда, жұмыс істегісі келмейтін адамдар немесе әлеуметтік көмек алу үшін өздерінің табысын жасыратындар көбейді. Жағдайы бар отбасылардың әлеуметтік көмек алатыны туралы деректер бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған болатын.

Тағы да атап өтемін. Конституция бойынша біздің еліміз – әлеуметтік мемлекет. Сондықтан мемлекетіміз азаматтар алдындағы міндеттерін орындауы тиіс»,деді Президент өз Жолдауында.

Қазіргі таңда Тараз қаласында тұрмысы төмен отбасыларға, оның ішінде көп балалы жанұяларға қолдау көрсету мақсатында нақты жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда ағымдағы жылы көпбалалы отбасыларына кемінде 3 бөлмелі пәтердің көлемі 60 – 90 шаршы метрден кем болмайтын, сомасы 8 миллион 400,0 мың теңгеден аспайтын, 142 пәтер сатып алуға республикалық бюджеттен 1 миллиард 191,0 миллион теңге қаржы қарастырылып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстар жүргізілуде.

Өткен жылдан бері Тараз қаласында 42,5 мың теңгеден төмен жалақы алатын жұмыскерлері бар кәсіпорындар мен ірі кәсіпорындардағы жұмыскерлердің жалақысын көтеру бойынша да көп тірлік атқарылып жатқанын айту керек. Соның нәтижесінде 33 114 жұмысшысы бар 510 кәсіпорын жалақысын көтерді. 2019 жылдың басынан 42500 теңгеден төмен жалақы төлеген 335 кәсіпорын анықталған. Аталған мәселе бойынша Тараз қаласы әкімдігі тарапынан аталған кәсіпорындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында 218 кәсіпорынның төмен жалақыны төлеу себептері анықталып, кәсіпорындар тарапынан жалақыны көтеру жоспарлануда.

Жалпы Тараз қаласында бүгінгі күнге 4923 кәсіпорын жұмыс істеп тұрса, оның 1101-і ұжымдық шарттарға тұрған. Бұл жалпы көрсеткіштің 22,4 пайызын құрап отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір