• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:17:33
Алматы
+35°

Шағын және орта кәсіпкерлік дамыса, ел экономикасы да еңсе тіктейді. Сондықтан да Елбасы да, Мемлекет басшысы да бұл бағыттағы шаруалардың жандандыруды назардан тыс қалдырған емес. Соның нәтижесінде батыл бастамалар қолға алынып, баянды бағдарламалар қабылданды. Сондай құнды құжаттың бірі- "Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдаудың және дамытудың Бірыңғай бағдарламасы.

Бүгінде аталмыш бағдарлама Тараз қаласында да өз деңгейінде жүзеге асуда. Мысалы, бағдарлама аясында 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында субсидия тетігі бойынша 1 миллиард 241,0 миллион теңгеге 15 жоба және кепілдендіру тетігі бойынша – 238,4 миллион теңгеге 44 жоба қаржыландырылған. Бұдан бөлек, Несиелендіру «Береке 3» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде 721,0 миллион теңгеге 21 жоба және нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 1 миллиард 143,3 миллион теңгеге Тараз қаласы бойынша 97 жоба қаржыландырылды.

Бұдан бөлек биылғы мамыр айында облыс бойынша аталған бағдарлама аясында грант тетігін қаржыландыруға 15 миллион теңге бөлінді. Грант тетігі бойынша кәсіпкерлерден байқауға қатысуға құжаттар мамыр айының 4-нен бастап 24 маусымға дейін 18 жоба қабылданды. Жамбыл облыстық аймақтық үйлестіру кеңесімен 29 маусым күні байқау өткізіліп, оның нәтижесі бойынша Тараз қаласынан 8,0 миллион теңгеге 4 жоба мақұлданды.

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында грант тетігі бойынша Жастар жылына байланысты республикалық бюджеттен 21 миллион теңге, облыстық бюджеттен 303 миллион теңге, барлығы Жамбыл облысы бойынша 324 млн. теңге қаражат бөлінді. Соның ішінде 109,2 миллион теңгеге 47 жоба Тараз қаласының жас кәсіпкерлері ұтып алды.

Заңды тіркеліп, кәсібін жүргізіп жатқан кәсіпкерлерге өз бизнестерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу мақсатында, облыс әкімі А.Мырзахметовтың хаттамалық тапсырмасына сәйкес, қаладағы заңсыз орналасқан және құжаттарының мерзімдері өтіп кеткен 140-тан аса дүңгіршектер мен павильондардар анықталды. Бүгінгі күнге оның 109-ы алынып, тиісті жұмыстар ары қарай жалғасуда. Заңсыз контейнерлік дүңгіршектер мен сауда нүктелерінің орнына, типтік коммерциялық дүңгіршектерді «Тараз» ӘКК ҰК АҚ-ның тетігі арқылы конкурстық негізде орнату бойынша 5 рет аукцион өткізіліп, 26 жер учаскесі жеке тұлғаларға берілсе, 23 жер учаскесінің құжаттары дайындалып аукцион арқылы жеке тұлғаларға берілетін болады. Мұндағы міндетті шарттың бірі, қатысушыларға ұсынылатын сауда нүктелерінің эскиздері бірыңғай сәулеттік стильде болуы тиіс.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір