• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
12 Желтоқсан, 14:22:20
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

13 Қазан, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Мәнізоров кім? Ол кімге сенеді?

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың аса ірі көлемде алаяқтық жасаған қылмысының жаңа фактілері пайды болды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров "аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген  күдікте  үй қамақта отырғанын" мәлімдеді. Көпшілікке беймәлім Мәнзіоравтың ісі туралы жаңа тың фактілер жарияланды.

t.me/jexennews сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда, Мәнізоров 1,8 га жерді ауыстыру үшін М.Баймаханов пен Н.Ибраевтан 30 сотық жер учаскесін заңсыз сыйақы ретінде алды деген күдікке ілінген. Аталған жер учаскесі қызы Мәнізорова Айгерімге сату шарты бойынша рәсімделінгені белгілі болды.

Тергеушілердің айтуынша, бұл келісім Мәнізоровтың қылмыстық әрекеттерін жасыру үшін жасалған. Ал сатып алуға 7,2 млн. теңге сомасындағы ақша іс жүзінде Н.Ибраевқа берілмеген.

Сарапшылар жүргізген бағалауға келсек, "Феличи" элиталық ауданындағы 30 сотық жердің құны 300 миллион теңгені құрайды.

Мәнізоров  осы  күнге  дейін  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  органның  қарамағына  түскен  емес. Себебі  бас  прокурор  бар  нәрсеге  көз  жұма  қарап, Мәнізоровты үй  қамағына  алудан  бас  тарқан.

Осы бапқа сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы А.И  Исаева  Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 106-бабы, Б.Мәнізоровтың  адвокаттарының  ағымдағы жылғы, 17 қыркүйекте заңсыз тіркеуді мойындау туралы шағымымен ERDR-да № 190000131000087 Баймахановтың арызын  аға тергеуші  Т.Ж. Амантай  қарады.

Судьяның шешіміне сәйкес, қорғаушылар сотқа дейінгі тергеуді тіркеу кезінде іс жүргізуді болдырмайтын жағдай деді. Атап айтқанда Н.Ибраев пен А. Мәнізорова арасындағы келісім азаматтық сот ісін жүргізу барысында тараптардың ешқайсысы дауласпаған деп мәлімдеді.

Сонымен бірге ҚР Бас Прокурордың Қылмыстық Қудалау бөлімінің прокуроры Б.Ш.Исабеков қорғаудың дәлелдерін қолдап, шағымды негіздемеге байланысты қанағаттандыруды сұрады.

Судья А.И. Исаева Қылмыстық  Қудалау Органы  мен Б.С. Мәнізоровтың қорғаушыларымен тапсырылған іс мәліметтерін зерттеп, сол қорғаушыларының Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 106-бабына сәйкес берілген шағымын қанағаттандырусыз қалдыруын тапсырды.Манзоровтың ісі

ҚР Қылмыстық Кодексінің 366-бабының 1-бөлімінде пара алу не пара беру мәселесі қамтылған. Яғни мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін өзіне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алғандықтан мүлкі тәркіленеді.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 366-бабының бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер  қылмыстық топ жасаса, сол сияқты аса ірі мөлшерде қылмыс жасалса, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жетпіс еселенгеннен сексен еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 11-бабының 5-тармағына сәйкес, қасақана жасалған әрекеттер Аса Ауыр Қылмыстар деп танылады. Осы қылмысты жасағаны үшін Кодексте 12 жылдан асатын мерзімге бас бостандығынан айыру, өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы қарастырылған.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 434-бабына сәйкес, белгілі бір жақында болатын өте ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін алты мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу тапсырылады.

Сондай-ақ ҚР Қылмыстық Кодексінің 218-бабы қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру тұрғысынан қарасақ та қызықты!

Осы оқиғалардан кейін менде қате болуы мүмкін келесі пікірлер қалыптасты:  

  1. Екі адам қылмыс туралы хабарлады (мәлімдемелер берілді).
  2. Қылмыс аса ауыр болуы мүмкін.
  3. Бас прокуратура Манзоровқа қатысты бұлтартпау шарасын таңдауға келіспейді.
  4. Бас прокуратура сотта адвокаттардың бұл істі жоюға талпынысын қолдайды.
  5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы істе қабілетсіз немесе қолдары байланған!
  6. Осы уақытқа дейін СОТ мінсіздік пен заңдылықты көрсетті! Сыйластық пен құрмет!

Егер заң таңдаулы түрде орындалатын болса, мемлекеттің құқық қорғау жүйесіне қалай сенуге болады?

Еске салайық, осыған дейін дәрігер қамалып, іс жабылды. Сонда олар оның сотталатынына сенімді болды ма? Ал осы жерде не болды?

Бас прокурор өзінің әрекетін қалай түсіндіре алады? Мемлекет мүдделерін қорғау қайда?

Аталмыш іс бойынша бізге нақты ақпарат қажет!

 Адилбек Бектибаев 

Фейсбуктегі парақшасынан.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір