• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:24:16
Алматы
+35°

 "Орда" тобының әншілері Ерболат пен Есболат Беделханның әке-шешесі жол апатынан қаза болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист Ришат Асқарбекұлы хабарлады.

"Орда" тобындағы Ерболат, Есболат, Жанболат Беделхан деген үш жігіттің әке-шешесі бір күнде көлік апатынан қайтыс болыпты. Өздері де қос дауыста ән айтатын талантты жандар болған екен. Иманды болсын", - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі қайғыға ортақтасып, көңіл айтады. 

Әншілердің ата-анасы көз жұмған жол апаты Теміртау қаласынан екі километр жерде болды. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жол апаты 11 қазанда Бұқар Жырау ауданында болған. Теміртау-Астана автожолымен келе жатқан "Volkswagen" көлігінің 66 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан. "Scania" көлігінің рөлінде 28 жастағы ер адам отырған.

"Жол апаты салдарынан "Volkswagen" көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Бұл факті бойынша тиісті сараптамалар белгіленіп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір