• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:14:11
Алматы
+35°

2019 жылғы 11 қазанда Тараз қаласында республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.


Мемлекеттік органдардың теміржол инфрақұрылымы объектілерінде терроризм актілерінің жолын кесу бойынша өзара іс-қимыл дағдылары пысықталды.


Оқу-жаттығу ой-ниеті шеңберінде теміржол инфрақұрылымы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы мен ақпараттық жүйелері киберқорғанының жай-күйі тексерілді. Арнайы мақсаттағы бөлімшелер поездың вагонында кепілдегілерді босату және террористерді бейтараптандыру бойынша операция жүргізді.


Оқу-жаттығу мақсаты мен міндеттері толық орындалды.Қатыстырылған мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары террористік қауіп-қатерлердің жолын кесу бойынша өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетті.

 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір