• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:34:31
Алматы
+35°

Өткен уик-эндте үздік үштіктің кассалық түсімі 606 млн теңгені құрады. Көп қаралған фильмдер қатарында отандық картина "Томирис" те бар.

Energyprom.kz сайтының жазуынша, бірінші орынды 366,9 млн теңге жинаған режиссер Тодд Филлипстің "Джокер" фильмі бастап тұр. Екінші орынға 129,8 млн теңгемен "Эверест" жайғасса, үштікті Ақан Сатаевтың "Томирисі" түйіндеп тұр.

Картина 3-7 қазан аралығында 110,3 млн теңге, ал прокатқа шыққан екі аптада 287,1 млн теңге жинаған. Фильм алғашқы уик-эндте үздіктер көшін бастаған болатын.

Кинотеатр билеттері қатты қымбаттамағаны байқалуда. Қазақстандағы билеттің орташа бағасы 1223 теңгені құраған. Ең қымбат билеттер Атырауда (1900 тг), елордада (1506 тг) және Шымкентте (1433 тг) тіркелген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір