• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:55:39
Алматы
+35°

Алматыда Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ лаңкестік ұйымының жақтаушысы қамауға алынды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҰҚК-нің баспасөз қызметінің дерегін негізге алып. 

"Алматы қаласы Алмалы аудандық қылмыстық сотының Қазақстан Республикасының азаматы А.Ж.Битімбаевты терроризм актісіне дайындық, терроризмді насихаттау, діни араздықты қоздыру және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкімі заңды күшіне енді" делінген ҰҚК-ның хабарламасында. 

Комитеттің мәліметінше, ол ҰҚК-нің назарына деструктивті діни идеологияның жақтаушысы және Қазақстан Республикасында тыйым салынған ДАИШ халықаралық террористік ұйымының қолдаушысы ретінде күдікке ілінген.

«Тергеу барысында интернеттегі ДАИШ үгіт-насихатының әсерінен жаппай тұрғындар орындарында жарылғыш заттарды қолдана отырып, террористік шабуыл жасауға дайындалғаны анықталды.  Шабуылдан кейін ол Сирияға шетелдік содырлардың қатарына қосылуды және террористік әрекеттерді жалғастырғысы келген.  Тінту кезінде одан атыс қаруы мен жарақаттанатын қару, жарылғыш құрылғы жасауға арналған компоненттер, үш сауда және ойын-сауық орталығының схемалары, маска мен қолғап табылды", - деп жазды ҰҚК. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір