• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:27:23
Алматы
+35°

Украина президенті Владимир Зеленский баспасөз марафонын өткізді. Оның журналистермен әңгімесінің трансляциясын Президент кеңсесі Facebook желісінде таратты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru. сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы баспасөз мәслихатын сағат таңғы 10-ға белгілеп, шара түнге таман аяқталды. Осылайша, Зеленский журналистердің сұрақтарына 14 сағат бойы жауап берді. Шарада Донбасстағы жағдайдан тағам таңдауына дейінгі тақырыптағы әртүрлі сұрақтар қойылды.

Баспасөз мәслихаты Kyiv Food Market фудкортында өтті.

Зеленский жеті-он адамнан құралған журналистерге жауап берді. Президентпен сөйлесуге әр топқа жарты сағаттан берілді.

Шараны Украина ұлттық рекордтарын тізімдейтіндер атап өтті. Рекордтар кітабының өкілдері сегіз сағаттан соң Зеленскийге "президенттің әлемдегі ең ұзақ баспасөз мәслихаты" деп жазылған сертификат табыстады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір