• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:53:59
Алматы
+35°

11 Қазан, 2019

Білім саласындағы жемқорлардың тізімі жарияланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мұғалімдер арасында түсіндіру жұмыстарын бастады. Бүгін астанада арнайы жиын өтіп, сол жерде білім саласындағы жемқорлардың толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан тілшісінің дерегіне сүйеніп. 

dribbble.com

Жиналыс кезінде астаналық мұғалімдерге арнайы бейнеролик көрсетілді. Онда білім саласындағы жемқорлардың істеріне шолу жасалады. Роликтің басында бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мен №3 мектеп гимназиясының бұрынғы директоры Елена Шеверняеваның ісі жайында айтылады. Одан кейін "Кәсіпқор"холдингінің басқарма төрағасы Елдана Сәдуақасованың қылмысы баяндалған. Ол өндірістік құрал-жабдықтарға бөлінген 2,4 миллион АҚШ долларын жымқырып кеткен. Бұдан бөлек, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарында болған жемқорлық әрекеттердің толық тізімі жасалыпты. Соның барлығы видеода көрсетілген.

Агенттіктің ақпараты бойынша соңғы үш жылдың ішінде білім беру саласында 450 жемқорлық фактісі тіркелген. Сотқа 355 қылмыстық іс жолданды. Осы қылмыстар бойынша 178 адам сотталды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір