• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 18:05:24
Алматы
+35°

Бүгінде бұқаралық спортты дамыту бағытында Жамбыл облысында ауқымды тірліктер атқарылуда. Оған дәлел соңғы бес жылдың бедерінде елге есігін айқара ашып жатқан спорт нысандарының саны еселеп артса, онда шынығып жатқан тұрғындардың саны тағы өсуде. Соңғы статистикалық мәліметке сүйенсек биыл бұқаралық спортты жанына серік еткен жамбылдықтардың үлесі 29,9 пайыздық межені діттеп отыр. Бұл дегеніңіз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев белгілеген міндетті әулиеаталықтар мінсіз орындап жатыр деген сөз, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Осынау игіліктің жалғасы ретінде облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері мен дене шынықтыру және спорт басқармаларының ұйымдастыруымен халықаралық студенттер күніне орай Тараз қаласында спорттық марафон өтті. «Студент FEST» атауымен түндігін түрген жарысқа жоғары және арнауы оқу орындарынан 200 - ден аса білімгер қатысып, өзара бақ сынады.

Спорттық шараны дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков ашып, халықаралық стеденттер күнімен көпшілікті құттықтай келе, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі . Бұдан кейін доданың бас төрешісі Тахир Мамашаев марафонның тәрті мен ережесін түсіндіріп өтті.

Белгіленген тәртіп бойынша марафоншыларға «Нұрсұлтан Назарбаев» атындағы алаңнан бастап, ҚР Тұңғыш Президенті саябағына дейін жүгіріп өту талабы қойылды.

Жалпы марафонға қатысушылардың қарасы қалың болды. Және жүгірушілердің арасында жастардың үлесі басым болғаны қуантты. Сондай-ақ бұқаралық спортты жанына серік еткен аға буын үлкендердің де марафоннан бой көрсетуі кейінгілерге үлгі-өнеге болғаны хақ.

Жарыстың қорытындысында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті Ильхам Еркебаев мәре сызығын бірінші болып кесіп өтсе ТарМУ –дың студенті Қазым Жамалов жүлделі екінші орынға табан тіреді. Үздік үштіктен аталған университеттің студенті Руфина Фазылханова көрінді.

Осылайша жүлделі үш орынды да ТарМУ-дың студенттері иеленіп, талайды таңқалдырды.

Әрине мұндай бұқаралық спорттық шаралар тұрғындарды саламатты өмір салтын қалыптастыруға үндейтіні ақиқат. Оған қоса, үлкен буын ағалардың да спортты жанына серік етіп, «Тараз-Арена» спорт кешенінде шынығып, саябақтар мен скверлерде жүгіріп жүргенін көз көруде. Бұл бірер жылда тұтас тараздықтар мен алыстағы ауыл ағайындары да спорты өмірінің бір бөлігі деп көреді деген сөз. Ендеше сол күнді көруді жазсын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір