• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:57:02
Алматы
+35°

Жамбыл облысына Асқар Мырзахметов әкім болып келгелі елді мекендегі шенділердің жұмыс алгоритмі бекітіліп, әкім қаралар осы сызба бойынша жұмыс жасай бастаған болатын. Және әр есепті тоқсанда олардың жұмыс жүйесі осы алгоритм арқылы бағаланып, жаңылғандар жазадан қашып құтылмаған-ды. Сондықтан жыл соңына қарай аудан әкімдері көрсеткішін түзеу үшін ауыл-ауылдарды аралауда. Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков те бұл үрдістен айнымай отыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аудан әкімі жұмыс сапарымен ең алдымен Билікөл ауылдық округіне барды.Аудан басшысының жұмыс сапары округке қарасты Әбдіқадыр Жүргенұлы ауылынан бастау алды. Онда Нарбай Ергебеков №36 Шоқан Уәлиханов атындағы негізгі мектептің жұмысымен танысып, қысқы жылыту маусымына дайындық барысымен танысты.Нарбай Әбілқасымұлының округке жасаған сапары Жылыбұлақ ауылында өз жалғасын тапты. Онда Жылыбұлақ бастауыш мектебінің жұмысы, ауылдық медициналық пункттің, ауылдық клубтың жай-күйі назарға алынды. Ауылдағы жалғыз ағарту мекемесі 2001 жылдан бері жұмыс істеп келеді екен. Білім ошағында 1 және 4 сынып аралығында 23 оқушы білім алуда. Ал даярлық тобында жеті бала бар. Білім ошағы күрделі жөндеуді қажет етіп отыр. Шағын мектептің басқа да проблемаларын мекеме басшысы Күлбала Омарова айтып берді. Айта кету керек, аудан басшысы Дарбаза ауылында да болып, ауылдық медпункттің жұмысымен танысты.

Аудан әкімінің жұмыс сапары келесі кезекте ауылдық округтің орталығы Қарабастау ауылында өз жалғасын тапты. Онда бірқатар әлеуметтік нысандар мен ауылдық мешіттің күнделікті жұмыстары мен мәселелері назарға алынды. Сонымен бірге Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектепке жылыту қазандығы салынуда. Аудан басшысы Нарбай Ергебеков бұл жұмыстарды да өз көзімен көріп, жұмыстарды жүргізіп жатқан тиісті мердігер компания басшыларына жұмысты сапалы әрі белгіленген уақтысында аяқтауды тапсырды.

Аудан басшысының Билікөл ауылдық округіне жасаған жұмыс сапары Қарабастау ауылындағы мәдениет үйінде қорытындыланып, онда бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Жиынды Нарбай Ергебеков ашып, басқосуды ашық әрі еркін форматта өткізуді ұсынды. Алғаш болып ауылдық округтің жаңадан сайланған әкімі Талғат Әмірәлиев ағымдығы жылдың тоғыз айында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

– Ағымдағы жылдың сегіз айында округте «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Дарбаза ауылындағы Дарбаза көшесін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды. Сонымен бірге Жылыбұлақ ауылындағы Жылыбұлақ көшесі де орта жөндеуден өткізілді. Шағын кәсіпкерлік саласындағы жұмыстар өз деңгейінде атқарылуда,- деді Талғат Пернебекұлы.

Келесі кезекте аудан әкімі Нарбай Ергебеков сөз алып, бірқатар мәселелерді сөз етті.

-Биылғы жылы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың тікелей бастамасымен «Қарапайым заттар экономикасы» қанатқақты жобасы қолға алынып отыр. Сіздерді осы жоба аясындағы жұмыстарға белсенді қатысуға шақырамын. Қазіргі таңда кәсіпкерлікке бет бұру маңызды. Жұмыстың көзін тауып, ерінбеген адамға кәсіп көп. Ең алдымен кәсіпкерлікті дамытуға күш салыңыздар дегім келеді, - деді әкім.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір