• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:26:31
Алматы
+35°

Жолдау талқылауды емесе, нақтылауды, белгіленген міндетті мінсіз орындауды талап етеді. Осыған орай бүгінде Жолдау жүктеген тапсырмаларды орындау бағыттары барлық құрылымдық салада жүргізілуде. Жамбылдық Төтенше жағдайлар қызметі де құнды құжаттың бағдарын бағамдап бас қосты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің 2018-2020 жылдырға арналған жемқорлыққа қарсы бағдарламасына орай және офицерлік құрам жиналысының 2 хаттамасын орындау мақсатында, Жамбыл облысы ТЖД аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Сагинов Дидар Сатбайұлы ТЖД және Өрт сөндіру қызметінің кадр саясаты бөлімімен бірлесіп, Байзақ ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалының мәжіліс залында, аталған партияның және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, Халыққа қызмет көрсету орталығының, аудандық ауруханасының өкілдерімен, ТЖ бөлімінің және Байзақ ауданы №8 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен «Заңдылықпен тәртіпті, жол жүру ережесін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау, азаматтық қорғау қызметкерлердің жұмыстарында сыбайлас жемқорлықтың құрамын болдырмауы мәселесі бойынша және ҚР Президентінің Жолдауы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

ТЖД кадр саясаты бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Джуматаев Алмаз Бауыржанұлы, жиынға қатысушыларды Жамбыл облысы гарнизонының 2019 жылғы 9 ай ішіндегі заңдылық пен тәртіп бойынша шолу жасады. Байзақ ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы Байтакова Шолпан Қайратқызы төтенше жағдай бөлімшелерінің жұмыстарының күрделі қызмет екендігін тілге тиек етіп, ТЖ инспекторларымен білім беру жүйесінде, яғни мектептер мен балабақшаларда тексеру жүргізілгендігін, сондай-ақ олардың ұйғарымдарының сәйкестендірілгендігін айтып, ауданда қоғам тарапынан ТЖ қызметіне қазіргі уақытта ешқандай арыз-шағымның жоқтығын алға тартты. Ол өз сөзінде ҚР Президентінің өрт сөндірушілердің жалақыларын арттыру және тұрғынүй мәселесі бойыншЖолдауынан туындайтын тұрғынүй төлемдерін төлеу мәселесін де атап өтіп, ауданда штат саны мен техникалардың жетіспеушілігін де тілге тиек етті. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі аталған қызметке кәсіпкерлер тарапынан да ешқандай арыз-шағымның түспегендігін атап өтті. Полиция подполковнигі Сагинов

Дидар Сатпаевич жиынға қатысушыларды Республикада орын алған құқық бұзушылықтармен таныстыра келе ТЖ бөлімдерінің инспекторларына және жеке құрамға күнделікті қызмет барысында жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу қажеттігін баса айтты. Азаматтық қорғау майоры Алмас Джуматаев ҚР Президентінің Жолдауындағы «контсруктивті қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» бойынша сөз қозғады.

Дөңгеелк үстел соңында Дидар Сәтбайұлы ТЖ бөлімдері мен Өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтарына өздеріне бағынысты қызметкерлерді жұмыста немесе жұмыстан тыс уақытта да тиісті деңгейде бақылау қажеттігін тапсырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір