• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:13:13
Алматы
+35°

 

Жамбылдықтардың сыбайлас жемқорлықпен күресетін күштік құрылымдарға сенімі нығайып келеді. Бұл мәліметті өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев мәлім етті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жыл басынан бергі Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментімен атқарылған жұмысты баяндаған департамент басшысы өңірде сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар санының артып келе жатқандығына баса назар аударды.

–Ағымдағы жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша 6, кіші және орта бизнес субъектілерінің жұмысына араласу бойынша 14, лауазымды тұлғалар тарапынан көлеңкелі бизнеске қамқорлық дерегі бойынша 7 және мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінген қаражаттарды ұрлау бойынша 14 қылмыс тіркелді.

Мемлекеттік органдар арасында сыбайлас жемқорлық сипатында жасалынған қылмыстардың саны бойынша әлі күнге дейін жергілікті атқарушы органдар көш бастап келеді. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты 53 қылмыстық іс тіркелді. Өткен жылдың есепті кезеңінде бұл тұлғалардың қатысуымен 34 қылмыс орын алған еді. Сондай-ақ 16 рет сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық әрекеттерге жол берген ішкі істер органдарының қызметкерлері ағымдағы жылдың 9 айында 17 рет тиісті заңға көз жұма қараған. Мұнан бөлек, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, әскери шенділер, Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері де сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстарға жол беруде,–деді Әділхан Хасымханұлы.

Департамент басшысының айтуынша бұл деректер өңірдегі сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстардың санының артуынан бұрын азаматтардың арнайы уәкілеттік органдарға сенімінің нығая түскендігімен байланыстырады.

–Жоғары да келтірілген статистикаға қарап облыстағы сыбайлас жемқорлыққа жол берушілердің санының артқандығын аңғаруға болады. Алайда шындап қарасаңыз бұл жамбылдықтардың осы тектес әрекеттермен бетпе-бет келгенде тиісті құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінетіндігін көрсетеді. Сондықтан біз сыбайлас жемқорлықты жоюда үнемі халықтың қолдауына сенім артамыз,–дейді департамент басшысы.

Жалпы жыл басынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі 93 қылмыстық іс сотқа жолданып, 89 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір