• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 18:56:32
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

09 Қазан, 2019 Аймақтар

Көптің қамын, жұмысшының жайын ойлаған шаруа

Т.Рысқұлов ауданындағы «Шәушен» шаруа қожалығы өз жұмысшыларының жайын ойлап, оларды баспанамен қамту, балаларының мектепке дейінгі тәрбие орындарында тәрбиеленуі, мектепте білім алу сынды әлеуметтік мәселелерінің шешімін тапқан бірден бір агроқұрылым саналады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Шаруа қожалыққа Қазақстанның Еңбек Ері Сайрамбай Дөненбаев жетекшілік етеді. 22 жыл ішінде қойдың басын 150, жер көлемін 65 есеге көбейтуге қол жеткізген қожалық иесі осынау жетістіктің сырын жұмысшыларының әлеуметтік жағдайын жақcартуға ден қоюымен түсіндіреді.

–Шаруа қожалықты ашып, өз қызметімізге кіріскен шақта бізде 200 гектар егістік жер, 362 бас қой және 15 жылқы, 11 бас сиырымыз болды. Міне арада 22 жыл өткен соң біз ұсақ малдың санын 56 мыңға, Қамбар ата түлігін 2300 басқа жеткізе алдық. Сондай-ақ егістік жер көлемі 13 мың гектарға дейін ұлғайды.

Біз мал басын арттыру, оның өнімдерімен ішкі нарық қажеттілігін өтеумен бірге жұмысшылардың әлеуметтік мәселелерінің де шешімін табуға көңіл бөлдік. Құрылыс жұмыстарын қолға алып малшы, жұмысшылардың балаларына арнап 50 орындық балабақшаны пайдалануға бердік. Биыл шаруашылықтан 10 жылдан көп еңбек сіңірген 8 азаматқа заман ағымына сай сән-сәулеті жарасқан үй салып алуға 15 миллион теңгеден беріп отырмын, –дейді Сайрамбай Дөненбаев.

Айта кету керек бүгінде тұтас Т.Рысқұлов ауданымен бірге облыстың агросаладағы айтулы кәсіпорнына айналған «Шәушен» шаруа қожалығына 2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі арнайы ат басын бұрып, ондағы жұмыстың барысымен танысқан-ды. Сол сәтте Елбасы Сайрамбай Дөненбаевқа жиған байлықты елдің игілігіне жұмсауға шақырды. Міне содан бергі аралықта «Шәушен» шаруа қожалығымен бұл аймақта бірқатар айтулы істер қолға алынды. Ауыл тұрғындарының игілігіне 300 орындық асхана пайдалануға берілді. Тұрғын үй кешендері мен зәулім мешіт, медресе құрылысын да Сайранбай Әліқұлы өзі қаржысына жүргізді. Ал 2017 жыл аймақта «Тау-қымыз» емдеу-сауықтыру орталығын пайдалануға берді.

Осынау игілікті істің басы қасында жүрген Сайрамбай Дөненбаев 2003 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалі мен ал 2012 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. Өткен жылы ол еліміздегі ең жоғары мемлекеттік награда саналатын «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын иеленді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір