• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
10 Желтоқсан, 08:15:34
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

10 Қазан, 2019 NEWS

Ішкі істер минстрлігі Тазабектің полицейлерге айтқан уағызынан кейін тексеріс жүргізіп жатыр

«Асыл арна» телеарнасының директоры, ақын Мұхамеджан Тазабек полицейлерге уағыз айтқаннан кейін басы дауға қалдыі. Бүгінде ішкі істер министрлігіндегілер оның уағызы үшін тексеріс бастады. Бұл туралы министрдің орынбасары Алексей Калайчиди журналистердің сұрағына жауап беру барысында айты,– деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі  хабарлайды.

Алексей Калайчидидің сөзінше, министрлік аталған кездесудің мазмұны мен қаншалықты қажет болғанын тексеруде. 

«Әрбір мемлекеттік органның ақпаратты жұмыстарды жүргізу жоспары бар. Олар қандай да бір кездесуге сол адамды шақыру ақылға қонымды болады деген қоғам қайтаркерлерін шақырады. Бүгінгі таңда біз бұл кездесудің қаншалықты қажет болғанын, оның мәні мен мазмұнын тексеріп жатырмыз. Артынша бағалап, шешім қабылдаймыз. Тексеріс соңына жетпейінше, бұл туралы пікір білдіре алмаймын», – дейді ішкі істер министрінің орынбасары. 

Вице-министрдің айтуынша, Мұхамеджан Тазабекті аталған кездесуге мамандандырылған күзет қызметі басқармасы шақырған болуы мүмкін.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір