• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:45:19
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жасаған сапарында Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Жамбыл,Түркістан облыстарында өтетін «Жаңа Жібек жолы» экспедициялық бағытын туристік әлеуетін арттыруда пайдалану, бұл бағытта инфрақұрылымдарды жетілдіруде инвестиция тарту секілді жүйелі жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырған болатын. Президент пәрмен берген тапсырманы орындау мақсатында облыс әкімдігі туризм басқармасының «Жаңа Жібек жолы» туристік жобасын жасап, республиканың оңтүстік өңірлерін қамтыған экскурсия ұйымдастыруда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аталған экскурсия аясына сала мамандары жаңа туристік бағыттарды түзу үшін өңірлердегі киелі жерлерді, тарихи, мәдени орындарды аралап, оларда зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ ішкі туризмді дамытудың алғышарты саналатын бұл шара аясында облыстардың аумағындағы, шекараларында тұрған туристік нысандар фотосуреттерге мен видеороликтерге түсірілмек. Олардың қазіргі хал-ахуалы жайындағы ақпараттар да жинақталатын болады. Туризм басқармасы қолға алған жобаның аумағы халықаралық сипат алатын сыңайлы.

–«Жаңа Жібек жолы» туристік бағыты Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданынан басталып, еліміздегі Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларын қамтиды. Сонымен бірге жаңа халықаралық туристік бағытқа Өзбекстан Республикасының аумағындағы тарихи-мәдени орындар енгізіледі,–дейді облыс әкімдігі туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова.

Жаңа туристік бағытқа енетін нысандарды инфрақұрылымдық тұрғыдан жетілдіру ісін облыстық туризм басқармсы көршілес облыстар мен Шымкент, Алматы қалаларындағы әріптестерімен бірлесе талқылады. Бұл мәселелер өңіраралық жұмыс тобы отырысының күн тәртібіне қойылды. Аталған жұмыс тобының отырысына облыстар мен қалалардан келген өкілдері өз аймақтарында жаңа туристік бағытқа енген нысандардың тарихи маңызы, оның бүгінгі жағдайы турасында мәліметтерімен бөлісті. 3 күнге созылған жиын қонақтары жаңа туристік бағытқа Жамбыл облысынан енген нысандардың да жай-күйімен танысу мақсатында Тараз қаласы, Т.Рысқұлов, Меркі, Шу,Қордай аудандарында болды. Бұл іссапарларда ішкі туризмді дамыту мәселесіне қатысты ұсыныстар мен өзекті мәселелерді шешу жайы талқыланды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір