• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
10 Желтоқсан, 08:16:38
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

10 Қазан, 2019

Біртанов: Дәрігерлерді тегін оқытып, өз бетімен қоя беретіндей мемлекеттің қаржысы тасып жатқан жоқ

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қызметтен кетуін талап еткен студенттердің мәселесі одан сайын ушыға түсті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК арнасы сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қызметтен кетуін талап еткен студенттердің мәселесі одан сайын ушыға түсті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК арнасы сілтеме жасап.

Кеше министр Алматыға арнайы келіп, өзіне қарсы бейнеролик түсіргендермен бетпе-бет кездесті. Кездесу барысында министр резидентураның өзгерген тәртіптерін түсіндіріп, студенттер интернатурадан кейін міндетті түрде ауылдық емханаларда үш жыл еңбектенуі тиіс екендігін айтты:

«Сіздер институтты жалпы тәжірибелік дәрігер дипломымен бітіретіндеріңізді білдіңіздер. Дәрігер боп жұмыс істеуге дайын болдыңыздар. Сіздерге ешкім резидентураға автоматты түрде түсесіздер деп уәде берген жоқ. Сондықтан оқу ақысын өтеуге міндеттісіздер. Резидентураға түспес бұрын маман тапшы өңірлерге барып еңбек етуге тиіссіздер. Дәрігерлерді тегін оқытып, өз бетімен қоя беретіндей мемлекеттің қаржысы тасып жатқан жоқ».

Сонымен қатар, министр биыл тіпті, жастарға баспана беру мәселесі де шешілгенін хабарлады. Алайда, студенттер министрдің сөзіне келіспеушілік танытуда. Өздерінікін дұрыс деп есептейтін шәкірттер министр шақырған жиынды тастап кетті. Дарын Ибрагимов есімді студент құқықтары бұзылғанын айтып, министрмен соттасатындарын мәлімдеді:

«Біздің әрі қарайғы мақсатымыз – егер университеттен қуып шықса, әрі қарай соттасамыз. Сотқа барамыз. Біртанов мырза, біз сізбен аяғына дейін күресеміз. Құқықтарымызды бұздыңыз. Егер Біртанов қызметінен кетсе, мынадай заң бұзушылық болмайды».

КТК арнасының хабарлауынша, Елжан Біртановтың айтуынша, тегін оқуға түскендер бұл талапты о баста білген. Бірақ, негізгі мамандығын мемлекет есебінен бітіріп резидентураға ақылы түрде тапсырып қойғандар министрмен келіспей, істі сотқа дейін жеткізбек.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір