• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:27:18
Алматы
+35°

Мәдениет және спорт министрлігі енді бұдан былай мәдени-бұқаралық шаралардың ұйымдастырушыларын концерттерде фонограмма қолданылатыны жөнінде көрерменді құлағдар етуге міндеттемек. Бұндай өзгерістер "Ашық НҚА" порталында жарияланған заң жобасына еніп отыр, деп жазады informburo.kz сайты.

Министрліктің мәлімдеуінше, бұндай өзгерістер музыкалық туындыларды орындаушылардың деңгейі мен репертуар сапасын көтеру, сондай-ақ фонограмма қолдану мәселесін реттеу үшін енгізілмек.

Концерттерде әртістердің фонограммамен өнер көрсетуі мәселесін сенатор Сәрсенбай Еңсегенов 2017 жылы көтерген. Ол бұндай номерлерге заң жүзінде тыйым салуды ұсынған болатын.

– Әнші өзінің қызметін сатады. Көрермен яғни тұтынушы концерт көру үшін ақша төлейді. Сондықтан ол сапалы қызмет алуы тиіс. Фонограмма – сатып алып, тыңдауға болатын магнитофон, диск, немесе кассета сияқты, – деген еді сенатор.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір