• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:03:43
Алматы
+35°

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz. сайтына сілтеме жасап.

TheAthletic ақпаратынша, келесі жекпе-жегінде Головкин польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасуы мүмкін. Мұның алдында қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер оның атын GGG-ге қарсылас болуы мүмкін боксшылар қатарында атаған еді.

"Головкин белбеуін қорғау бойынша Шерметамен келісім жасап қойып, жекпе-жекті міндетті қорғау ретінде тіркеу үшін IBF мақұлдауын күтіп отыр деген ақпарат бар. Бұл жекпе-жек келесі жылдың басында өтеді, егер Сауль Альварес трилогияны мамырда өткізгісі келмесе", - деп келтіріпті басылым мәліметін журналист Майкл Бенсон твиттер желісінде. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір