• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 22:35:34
Алматы
+35°

Ұшақта жолсерік қазақ тілінде қызмет көрсетпегені үшін "Air Astana" компаниясын сотқа беріп, жеңіп шыққан Оғыз Доған  атты ұлты түрік азаматқа қатысты тағы да келеңсіз жағдай орын алды.

Әйелі, баласы үшеуі елордадан Шымкентке ұшпақ болып, әуежайға келгенде оларды "Fly Arystan" компаниясының қызметкерлері ұшаққа мінгізуден бас тартқан. Себеп "Air Astana" компаниясы Оғыз Доғанды "қара тізімге" енгізіпті. Ал "Fly Arystan" "Air Astana"-ның еншілес компаниясы болғандықтан тәртіп оларға да ортақ екен. Бұл жөнінде Оғыз Доған өзінің  фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Оғыз Доғанның айтуынша, компанияның бұл әрекеті сотта жеңілгендері үшін есе қайтару, кектену.

Оғыз Доғанның фейсбук парақшасындағы видеодан өзін Сұңғат деп таныстырған "Fly Arystan" компаниясының өкілі мәселенің анықталу үстінде екенін айтып, жолаушыға күте түруын өтініп жатқанын көруге болады.

Бірақ қалай болғанда да Оғыз Доған, отбасымен аталмыш рейстен қалып қойды. Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы ұшақ 14.55-те Шымкент қаласына ұшып кетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір