• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:36:45
Алматы
+35°

09 Қазан, 2019 NEWS

Нығматуллин: "Жастар жылы" аяқталып келеді, ал сіздер енді оянып жатырсыздар!

"Мұндай уақытта әйелдер босанып, баласын да туып үлгереді. Ал сіз болсаңыз бір бұйрықты "родить" не можете"

Білім және ғылым министрі Нұрлан Нығматуллиннен сөз естіді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Нұрлан Нығматуллин Назарбаевтың берген тапсырмасын орындай алмай ж.рген министрлікті аяғы ауыр әйелдерден де жай жұмыс істейтінін айтты. 

"Жас маман" жобасына бөлінетін қаражатты азайтуды жоспарланған екен, өйткені оны жүзеге асыру тәртібін анықтайтын ережелер уақытылы бекітілмеген.

"Әріптестер, 23 қаңтарда Елбасы жастар жылын салтанатты түрде ашқаны бәріңізге белгілі шығар. Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке "Жас маман" бағдарламасын қабылдауды тапсырған болатын. Ал қаңтардан бері 9 ай өтті. Білім және ғылым министрлігі әлі жұмысқа кіріскен жоқ. Ал мұның себебі тіпті күлкілі. Былайша айтқанда "банальная волокита". Сондағы қаулы 1,5 беттік қағаз. Сол қаулыны 4 ай бойы жазып шығыпты. Бір жарым ай өткеннен кейін министрлік ережесін бекітті. Сосын тағы 2 ай өткенде үш министрлікпен келісімге келеді. Әйтеуір дегенде қыркүйек айында әділет министрлігі бұл бұйрықты тіркеген. Бір құжатты қабылдау үшін 9 айға жуық уақыт өтті. Мұндай уақытта әйелдер босанып, баласын да туып үлгереді. Ал сіз болсаңыз бір бұйрықты "родить" не можете. Бұл еліміздегі бюрократияның жарқын үлгісі деп айта аламын. Осындай жастарды қызығушылығын оятқан маңызды бағдарламаны созып жүрсіздер. "Жастар жылы" аяқталып келеді, ал сіздер енді оянып жатырсыздар", - деп ашуланды Нығматуллин. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір