• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:49:13
Алматы
+35°

09 Қазан, 2019

Сапарбаев: Өмірінің қалған күндеріне жинаған қоры жете ме, жоқ па, соған қараймыз

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың айтуынша әр азамат зейнетақы қорындағы ақшасының көлеміне байланысты қорды пайдалануға мүмкіндік ала алады.

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың айтуынша әр азамат зейнетақы жинағындағы ақшаның көлеміне байланысты жинағын пайдалануға мүмкіндік ала алады деп жазады  Qamshy.kz ақпарат агенттігі

2 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы жолдауында үкімет пен Ұлттық банк зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруы жөнінде сөз қозғаған.

Сондай ақ президент үкіметке жылдың соңына дейін жұмыс істейтін адамдардың зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырған. Яғни  халыққа зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін баспана мен білімге жұмсауға рұқсат беру мүмкін.

"Біріншіден, бұл әр азаматтың зейнетақы жинағына байланысты болады. Екіншіден – өмір сүру ұзақтығына. Бұл азамат шамамен қанша жыл зейнетақы алатынын есептейміз. Яғни, өмірінің қалған күндеріне жинаған қоры жете ме, жоқ па, соған қараймыз", - деді Сапарбаев мәжіліс кулуарында.  Вице-премьердің сөзінше, зейнетақы жинағындағы қаражатты алуға қатысты мәселе талқылану үстінде және арнайы жұмыс тобы тиісті ұсыныстарды дайындауда.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір