• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:04:29
Алматы
+35°

04 Қазан, 2019 Алматы

Алматы қаласында тегін кітап алмастыру алаңдары ашылады

Осы демалыс күндері алматылықтар сізді қолында кітаппен қоршап алса, оған сіз таң қалмаңыз. Бұл дегеніміз Алматыда ертең 2019 жылдың 5 қазанында Джейн Остин атты жаңа буккроссинг (тегін кітап алмасу) аймағының ашылуына байланысты.

Буккросинг- бұл басқаша айтқанда, кітап алмасу. Процесстің жүргізілуі  осылай болады: сіз бұрын оқыған кітаптарыңызды алып, оларды ашық буккроссинг аймағына апарасыз. Ол жерден сіз оқыған кітабыңызды қалдырып орнына жаңа, таныс емес кітаптарды алуға болатын шкафтардың сөрелерін таба аласыз. Барлығы да тегін.

Алматы қаласында сағат 16: 00-де Кабдолова 1 мекен-жайы бойынша Гранд Парк сауда орталығының аумағында (блок 10С, тамақ алаңы) тегін кітап алмасу аймағының ашылуы өтеді.

Ашылу аясында үлкен кітап алмасу акциясы өтеді, ол жерде әркім өз қалауы бойынша кітаптарды әкеліп және  басқаларға айырбастай алады.

Осындай  іс-шаралар бұған дейін Қазақстанның 8 қаласында өтті. Барлығы 17 қалада 57 жаңа буккроссинг аймағының ашулуы жоспарлануда.
Акция негізінде Қазақстанда жарияланған Жастар жылына арналған.

Жобаны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық қаржыландыруы аясында «Social Development Center» қоғамдық қоры жүзеге асырады.

Бүгінгі таңда Сіз жобаның жаңалықтарын оның ресми аккаунттарынан қарай аласыз: инстаграмда @bookcrossing_kz, VK-да @bookcrossing_kaz.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір