• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:59:56
Алматы
+35°

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар екіжақты кездесулерден кейін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстарына қатысты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар екіжақты кездесулерден кейін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстарына қатысты.

тоқаев

Кеңестің кеңейтілген отырысына Белорусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы Тигран Саркисян қатысты. Сонымен қатар, шараға Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы-мемлекет басшысы ретінде Молдова Республикасының президенті Игорь Додон, құрметті қонақтар – Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани және Сингапур Республикасының Премьер-Министрі Ли Сянь Лун қатысып отырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде армян тарапына жылы қабылдауына және отырысқа жоғары деңгейде дайындалғаны үшін ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақтың әлемдік сауда-саттықты дамытудың аса маңызды бөлігіне айналғанына сенімді екенін айтты.

Қазақстан Президенті нарықтың жылдам өзгеріп жатқан конъюктурасы, державалар арасындағы бәсекелестіктің артуы, сауда соғысы, протекционизмнің өсуі әлем экономикасының тұрақсыздығына соқтыруы мүмкін деп атап өтті.

"Қамшы" сілтейді

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір