• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 21:07:41
Алматы
+35°

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Әукенов Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін аталған лауазымды атқарған Светлана Жақыпова берген өтінішіне сәйкес, өз қалауы бойынша қызметінен босатылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ерлан Мұратұлы Әукенов 1984 жылы 5 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Бредфорд университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін тәмамдаған. 

Түрлі жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінде, "XXI ғасыр көшбасшысы" жастар орталығы" РҚБ, "Қазақстан жастарының конгресі" ЗТБ, "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингi" АҚ еңбек еткен.

2010-2011 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары; 2011-2014 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы; 2014-2015 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.  2015-2019 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, әлеуметтік әл-ауқат мәселесі бойынша жетекшілік еткен. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір