• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:05:59
Алматы
+35°

24 Қыркүйек, 2019 Барлық аймақтар

Украина депутаты Зеленскийдің басты қателіктерін атады

Біздің елге Батыс пен Шығысты жақындастыратын тұлға керек

Украина Жоғары Радасының бұрынғы депутаты Анна Герман ел президенті Владимир Зеленскийдіің жіберген басты қателіктерінің бірін атады.

Жоғары Радада белсенді болған депутаттың айтуына қарағанда, Зеленский Сыртқы істер министрілігі етіп, Вадим Пристайконы бекер тағайындаған.

–Бұл оның басты қателіктерінің бірі болды. Өйткені Вадим Пристайко  НАТО әскери ұйымының жүргізіп отырған саясатын қолдайды. Ол аталған әскери ұйыммен кезінде жұмыс та істеді. Мәскеу онымен диалог жүргізуге келіспеуі мүмкін. Ал біздің елге Батыс пен Шығысты жақындастыратын тұлға керек,- дейді ол.  

Аннна Германның сөзіне сенсек, «қазіргі уақытта президент Владимир Зеленскийдің айқын стратегиясы жоқ. Оның қолдаушылары да  елдің қай бағытқа бағдар алатынын түсінбей отыр».

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір