• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:24:54
Алматы
+35°

Өтіп бара жатқан апта биліктегі көптеген ауыс-түйістермен есте қалды. Бірі өсті, бірі төмендеді. Әдеттегідей, көбінің орны ғана алмасты. Десе де таяуда ғана "саяси сенім түгесілді" делінген Ғабидолла Әбдірахымовтың үкімет басшысының кеңесшілігіне келуі күтпеген жағдай болды. Ал сол сөздерді айтқан Қырымбек Көшербаев президент әкімшілігі басшылығынан, мемлекеттік хатшы қызметіне ауыстырылды. Мұндай кадрлық тағайындауларға белгілі бір топтың әсері болуы мүмкін деген әңгімелер айтылып жүр. Негізі Қазақстандағы қай-қай шендіні алмайық, әйтеуір артында бір тіреуі тұрады. Ол көбіне әкесі немесе жақын ағасы болуы мүмкін. Саяси сахна мен соның айналысында жүргендердің арасындағы әкелі-балалы, ағалы-інілі шенділерді Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі тізіп көрді.

Картинки по запросу көшербаев

Жоғарыда аты аталғандардың бірі Қырымбек Көшербаевтың әкесі Елеу Көшербаев кезінде облыстық дәрежеде көп-көрім партиялық қызметтер атқарған. Қызылорда облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болған. Қармақшы, Қазалы аудандық партия комитеттерінің 1-хатшысы қызметін атқарған.

Картинки по запросу сағынтаев

Мақтаулы шопан, Социалистік Еңбек Ері, КСРО жоғары кеңесінің депутаты болған Әбдір Сағынтаевтың ұлы Бақытжан Сағынтаев бүгінде Алматы шаһарының басшысы.

Картинки по запросу жеңіс қасымбек

Қарағанды облысына әкім болып барған Жеңіс Қасымбек ұзақ жылдар президент кеңсесін басқарған мемлекет қайраткері Махмұд Қасымбектің ұлы екені де көпке белгілі. Ал оның бауыры Ардақ Қасымбек "Бәйтерек" ұлттық холдингінің еншілес компаниясы "Қазына капитал Менеджмент" акционерлік қоғамының басқарма басшысы.

Похожее изображение

Жеңіс Қасымбектің туған жері Жамбыл облысына бүгінде Асқар Мырзахметов басшылық жасайды. Ал бір кездері "Қазақстан Темір жолының" басшысы, көлік және коммуникация министрі болған, 2003 жылы ірі көлемде мемлекет қаржысын қымқырды деген айыппен істі болып, 5 жыл шартты мерзімге бас бостандығынан айырылған оның туған бауыры Абылай Мырзахметов қазір "Атамен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы лауазымын атқарып жүр.

Картинки по запросу шукеев

Іргелес Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеевтің бір бауыры Серік Естай "Бейнеу-Шымкент газқұбыры" ЖШС-нің бас директоры болса, інісі Берік Естай сот саласында істейді. Қарындасы Ләззат Шөкеева Түркістан облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы.

Картинки по запросу адильбек баталов

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың үлкен ұлы Әділбек Баталов "ҚазТрансГазАймақ" акционерлік қоғамының бас директорының орынбасары қызметін атқарады.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың ұлы Талғат Ахметов Қазақстанның ең бай елу адамдарының қатарында. 2017 жылғы мәлімет бойынша оның дәулеті 145 млн долларды құраған. Бұл көрсеткішпен Талғат Даниалұлы Forbes журналы түзген бай бизнесмендер тізімінде 35-орынға жайғасқан.

Картинки по запросу павел кулагин

Облыс әкімдерінің туыстарын Ақмола облысының бұрынғы әкімі Сергей Кулагинмен аяқталық. Оның ұлы Павел Кулагин екі жылдан бері Алматыдағы Түрксіб ауданын басқарады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Нұртай Әбіқаевтың баласы Сергей Нұртаев Қазақстанның Италиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болса, экс-сенатор Оралбай Әбдікәрімовтың баласы Сержан Әбдікәрімов Қазақстанның Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Картинки по запросу максим божко

Жуырда "халық мемлекетке тізерлеп, алғыс айтуы керек" деген даулы мәлімдеме жасаған мәжіліс депутаты Владимир Божконың баласы Максим Божко Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, "Шаңырақ" холдингінің құрылтайшыларының бірі, "Ақмола-Феникс" акционерлік қоғамының бас директоры.

Картинки по запросу Нурлыбек Налибаев

Ал ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың туған інісі Нұрлыбек Нәлібаев 2013 жылдан бері Қызылорда қаласының әкімі ретінде еңбек етіп келеді. Ал оның ұлы Жансұлтан Сапарбаев биыл сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Мүслім Алтынбаев бұл күндері 1996-1999 және 2001-2007 жылдары қорғаныс министрі болған әкесі, экс-сенатор Мұхтар Алтынбаевтың жолын қуып, қорғаныс министрінің орынбасары болып қызмет істеуде.

Картинки по запросу малика бектурова

Бұрынғы сенат депутаты Ерлан Нығматулиннің қызы Малика Бектурова Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.

Ерлан Айтаханов стал акимом Шымкента

Тағы бір экс-сенатор Қуаныш Айтахановтың баласы Ерлан Айтаханов қазір Шымкент қаласының әкімі.

мәди атамқұлов

Су жаңа Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың туған інісі Мәди Атамқұлов ұзақ жыл Президент протоколының бастығы болды.

Картинки по запросу даурен джаксыбеков

Зейнет демалысына аттанған Әділбек Жақсыбековтың ұлы Дәурен Жақсыбеков кезіндегі "Цеснабанктің" директорлар кеңесіне төрағалық етті. Қазір қайда екені белгісіз.

нурбол султан.jpg

"Asia Credit Bank" мен "Орал" халықаралық әуежайының иесі Нұрбол Сұлтан бұрынғы президент істерінің экс-басшысы, марқұм Сарыбай Қалмырзаевтың баласы.

Картинки по запросу аскар турисбеков

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбековтың баласы Асқар Тұрысбеков "Петро Казахстан Ойл Продактс" кәсіпорнының бірінші вице-президенті.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллинның ұлы Нұржан Нұрланов "ҚазМұнайГаз-Аэро" компаниясының бас директоры.

Парламет Сенатының депутаты, спикер орынбасары Бектас Бекназаровтың ұлы Нариман Бекназаров болса, Астанадағы ауданаралық мамандандырылған Соттың төрағасы.

Осылай жалғастыра берсе, билік пен квазимемлекеттік компаниялар және ұлттық холдингтердің басшылығында жүргендер бір-біріне жақын туыс, күйеу бала, құда-жекжат болып кете береді.

Меліс Сейдахметов

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір