• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:33:18
Алматы
+35°

Мемлекет басшысының өкімдерімен әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, ШЫҰ қызметінің мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ауыс-түйіс жүргізді. Мемлекет басшысының өкімдері Ақорда сайтында жарияланған.

Атап айтқанда президенттің өкімімен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әуе қорғанысы күштері әскери-әуе күштерінің қолбасшысы қызметінен босатылды. Оның орнына әскери-әуе күштерінің қолбасшысы болып Нұрболат Еркебайұлы Топаев тағайындалды.

"Нұрлан Мұсақанұлы Қашағанов "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды", - делінген өкімдердің бірінде. Қашағановтың орнына Асан Қуанышұлы Жүсіпов "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымын иеленген.

Сондай-ақ мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші қызметіне тағайындалды.

Айта кетсек, бұған дейін Тоқаев маңызды саяси ауыс-түйіс жүргізіп, мемлекеттік хатшы, преьмер-министрдің орынбасары, сыртқы істер министрі мен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшысын тағайындаған болатын.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: тағайындау тоқаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір