• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:05:21
Алматы
+35°

Еліміздің талапты жастарын ынталандыру мақсатында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы «Туған жер» шығармашылық байқауын жариялаған еді. Қатысушылар «Үздік мақала» , «Үздік поэзия» , «Үздік бейнелеу өнері» , «Үздік өнертабыс» , «Үздік бейнеролик» және «Үздік дәстүрлі музыка орындаушысы» номинациялары бойынша бақтарын сынай алады.

Елдің пен ерліктің, ел мен жердің парқын біліп, патриот болуға баулуды басты бағдар етіп алған бұл байқау ағымдағы жылдың 30-шілдесінде басталды. Бүгінге дейін 50-ге жуық материал қабылдап үлгерген «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі оқырман қауымға байқау мерзімінің ұзарғанын хабарлайды. Объективтілігі мен өзектілігіне және сапасы мен сауатына баса назар аударылатын байқау жұмыстары 2019 жылдың 30-қыркүйегіне дейін қабылданады.

Айта кетейік, ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаздарға берілетін жүлде қоры 1-орын үшін 130 мың теңгені, 2-орынға 90 мың және 3-орын үшін 60 мың теңгені құрайды. Оза шауып, сауатты, әрі сапалы жұмыс ұсынған байқау қатысушылары қазан айындағы қорытынды фестивальде марапатталады.

Тұғырын туған жеріне қадап, бастау-бұлағын атамекенінен алған жас өркен, өнерің өрге жүзсін!

 "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір